Ғылым – іштегі нұр

Ғылым – іштегі нұр
ашық дереккөз
Ғылым – іштегі нұр

29Асқар АБДУАЛЫ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, тарих ғылымдары­­­­ның докторы, профессор.

Тәуелсіздік – ұлы мұ­рат, қастерлі ұғым. Себебі, қаншама халық бұл айтулы күнге жете алмастан тарихи сахнадан біржола жоғалды. Жер бетіндегі әрбір ұлт үшін тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Дүниежүзінде 6 мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар болса, солардың ішінде 200-дейі ғана тәуелсіз мемлекет болып табылады. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда бүкіл қазақстандық өз жүрегімен сезінуі және жоғары дәрежеде құрметтеуі тиіс. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры, халықтың баға жетпес басты құндылығы – ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кешегі «Тәуелсіздік толғауында» Тәуелсіздік еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі екендігін айтып, бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек екенін тағы да еске салды. Ертеректе үлкендер «Біздің кезіміздің заманы да, адамы да басқашалау еді…» деп өткен-кеткенді еске алып, өз заманының адамдарына, солардың болмысына, жасаған қарекетіне тамсанып отырушы еді. Бұл, әрине, қариялардың жастық шағын, сол бір дәуренін аңсау, зымырап өтіп жатқан уақытты мойындау, сағынышын әңгіме арқылы сыртқа шығару екені сөзсіз. Меніңше, әр заманның, әр уақыттың өз адамы, өз тіршілігі, өз қызығы мен дәурені бар. Әйтсе де, біздің тәуелсіз Отанымызда елін, жерін сүйетін, халқына адал қызмет ететін жігерлі де жалынды жастардың шоғыры көбейіп, жаңа келбетті жас толқынның өсіп келе жатқанын көргенде көкірегіңде мақтаныш сезімі оянады. Осы жастарға қарап, ел болашағының баянды екеніне көзің анық жетеді. Жастар – үлкен күш. Жастар дегеніміз – жалын от. Жас жүрген жер – мереке. Шынында, «Ғылым – іштегі нұр, өнер сыртқа салынған түр» деп ақын айтқандай, еліміздің болашағы білімді жастардың қолында екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Ұқсас жаңалықтар