Сотталғандар арасында спорттық шара өтті
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер арасында моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын дамыту мақсатында спорттық шара ұйымдастырылды. Бұл күні арнайы контингент өкілдері спорттың бірнеше түрінен өзара бақ сынасты. Атап айтқанда, олар кіші футбол, арқан тарту және гір тасын көтеруден кім мықтыны анықтады.
Жарыс соңында белсенділік танытқан бірқатар сотталған азаматтар мекеме әкімшілігі тарапынан марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
Ауызша келісім – сан соқтырады
- 7 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




