- Advertisement -

Қоғам дертімен күресу маңызды

48

- Advertisement -

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға волонтер ретінде тарту мақсатында еріктілердің қатысуымен ауқымды жоба бастады.

Жоба волонтерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке келесі бағыттар бойынша қосуды көздейді. Атап айтқанда, қоғамдық бақылау, кәсіби көмек көрсету, корпоративтік еріктілік.

Өз сөзінде департамент басшысының бірінші орынбасары Дәурен Омаров қаланы қоқыстан тазарту, жол жөндеу жұмыстары, мекемелердегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында волонтерлермен бірігіп жұмыс істегісі келетінін, сол арқылы жастардың бойында елге, жерге деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді ояту жобаға түрткі болғанын айтып өтті. Жобада жемқорлықты жою және алдын алу бойынша еріктілерден ұтымды ұсыныстар алып, сол бағытта жұмыс істейміз, деді ол.

Қала бойынша бүгінгі таңда жалпы саны 13 мыңнан астам ерікті, 13 еріктілер тобы құрылған. Жиын барысында еріктілерге сөз беріліп, көптеген тың идеялар мен ұсыныстар айтылды. «Заң факультетінде білім алып жүрген, оқуға биыл түсетін студенттерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу арқылы жоба тарапынан еріктілерге қолдау көрсетілсе, іс-шараның тиімділігі арта түсетін еді» дейді Дәурен Омаров.

Ғайникен МАРАЛТАЙҚЫЗЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support