Жат жерде жүрген жастар көп

Жат жерде жүрген жастар көп
ашық дереккөз
Жат жерде жүрген жастар көп
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында жастар мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Ел Президенті «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі екенін баса айтты. Сонымен қатар, еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы биыл 100 мың жасты жұмысқа орналастыру керектігін және жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасатынын жеткізді. «Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді», – деді Президент. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн екенін және өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болатынын нақты айтты. Ол өз сөзінде өскелең ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де бәсекеге қабілетті болуы керектігін жеткізді. «Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Идеология жұмысында осыған баса мән берген жөн», деді Мемлекет басшысы. Ал, біздің облыстағы жастардың жұмыспен қамтылуы қай деңгейде? Қазіргі таңда еліміздегі жастардың басым көпшілігі шетел асып, жұмысқа орналасуға әуес. Бұған не себеп? Сонда елімізде жастарға жұмыс табылмай ма, әлде айлық жалақысы мардымсыз ба, деген ойға келесің. Осы сұрақтар төңірегінде біраз зерттеу жүргізіп көрген едік. «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар?» демекші, расында ауыл жайлы болса, табысы күнкөріс қамына жетіп тұрса, жастары неге жұмыс іздеп қыр асады деген заңды сұрақтар маза бермейді. Олар еліміздегі табыстың ештеңеге жетпейтінін, сол себепті шекара асуға мәжбүр екенін алға тартады. Тіпті, менің таныстарымның біразы Корея, Англия елдерінде жүр. Еріккеннен жүрген жоқ. Олар алғаш барғаннан ол жақта өмір сүрудің қолайлы екенін түсінгенін айтады. Тапқан табысын елге әкеліп, іске жаратқанда құмға сіңген тамшыдай қалтаның түбі көрініп, баяғы күйіне қайта түскен соң қайтадан шетел асыпты. Р е с м и д е р е к т е р г е с ү й е н с е к , биылғы жылдың бірінші тоқсанында елімізде 453,5 мың жұмыссыз адам болған болса, 15 пен 34 жастағылар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,1 пайызды құраған. Жұмыс істемейтін және біліммен немесе кәсіптік оқумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі – 7,9 пайыз (422 мың адам). О б л ы с ә к і м д і г і ж ұ м ы с п е н қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ғалижан Мейірмановтың айтуынша, 2022-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында биылғы жылдың 1 шілдесіне жұмыспен қамту органдарының ықпалымен 35 жасқа дейінгі жастарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша 12682 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Ондағы 5248 адам ваканттық жұмыс орындарына орналасқан. Сонымен қатар, 669 жас онлайн оқытуға, 780 түлек «Жастар тәжірибесіне», 299 жас әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 2112 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілген. Ал, 18 жас «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына, 222 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, сондай-ақ, 3152 жас «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданып, 182 жас қайтарымсыз грант қаражатын иеленген. – А т қ а р ы л ғ а н ж ұ м ы с т а р д ы ң нәтижесінде, өңірлік еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, жұмыссыздық деңгейі осы жылдың бірінші тоқсаны бойынша 4,9 пайызды, жастардың жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрады. Өткен жылдың қорытындысымен жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3 пайызды құраса, биыл бірінші тоқсанның қорытындысымен 5,1 пайызды құрап отыр, – дейді Ғалижан Советұлы. Одан бөлек, былтыр «Жасыл ел» еңбек жасағын іске асыруға жергілікті бюджет есебінен 120,0 миллион теңгеге 1820 жас маусымдық жұмыспен қамтылған. Өкініштісі сол, жұмыссыз жастардың қатары артпаса, кемімей отыр. Ал, ол өз кезегінде жастардың шетел асуына түрткі болуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, соңғы үш жылда 200 мыңнан астам адам Оңтүстік Кореяны бетке алған екен. Соңғы деректерге сүйенсек, аталмыш елде дәл қазіргі сәтте 18 мың қазақстандық заңсыз жұмыс істеп жүр. Заңсыз жұмыс істейтіндердің барлығы дерлік мол ақша тауып, оны отбасына жіберуді көздейді. Сөйтіп, елдегі қиын тұрмысты түзеуге күш салады. Шетел асқандардың айтар уәжі – біздегі қаржыға күн көру қиын, тапқан табыс алған несиелерінен артылмайды. Бұл – көрші елде жүрген жерлестердің ортақ пікірі. Корея, Англия елдерінде жұмыс істеп жүрген Аслан, Олжас, Ақерке, Гүлдана есімді қазақтың ұл- қыздарымен телефон арқылы тілдескен едік. Олар да қаржылық қиындықтан, бала-шаға қамымен шетел асқанын жасырмады. – Әрине, Қазақстанда жұмыс жоқ емес, бар. Алайда айлығың шайлығыңнан артылмайды. Ауылдағы 100 мың теңге жалақыны жеткізу оңай болмады. Бір айдан екінші айға жету оңай емес. Оның үстіне, қымбатшылық қысып барады. Осы себепті шетел астық. Мұнда да барлық жағдай жасалған деп айта алмаймыз. Ең бастысы – жалақысы тәуір. Теңгемен шаққанда 350-450 мың теңге жалақы аламыз. Тіпті, айына бір миллион теңгеге жуық табыс табуға болады. Бала-шағаңның қасында жүріп жұмыс істегенге не жетсін?! Амал жоқ, күнкөрістің қамы, – дейді. Шетел асып, айына кемі 500 мың теңгеге жуық табыс табу мүмкіндігі тұрғанда жалақысы күнкөрісінен арзымайтын жастарды Отанынан жырақтады деп те жазғыруға болмайды. Себебі, жұмыссыз жүру кім-кімге болмасын оңайға тимейтіні анық. Бізде ашығын айтқанда, жұмыс берушілермен тікелей жұмыс жасау механизмі әлі жолға қойылмай келеді. Егер өзіміздің жастарды уран, алтын өндіру секілді ірі компанияларға жұмысқа орналастырудың жолдары қарастырылса, олардың шетел асып несі бар?! Әрі шетелде жүрген жастардың қауіпсіздігіне де кепілдік жоқ. Тағы бір мәселе, бізде жоғары оқу орындарын тәмамдап жатқан студенттерден «жұмысқа орналасатын мекемелеріңнен ұсыныс хат алып келіңдер» деп талап етеді. Бұл жағдай менің және құрбыларымның басынан да өтті. Ал, студенттер мұндай жағдайда не істейді? Әрине, ол мекемеге жұмысқа орналаспаса да, таныс арқылы мекеме басшысының қолы қойылған ұсыныс хат жасатуға мәжбүр болады. Сонда біз кімді алдап жүрміз? Өтіріктің соңы жастарды жарға жығатынын бағамдадық па? Сұрақ көп, жауап жоқ...  

 Мақпал САМАТҚЫЗЫ.

Ұқсас жаңалықтар