Өзгерістер енгізу мәселесі қаралды

Өзгерістер енгізу мәселесі қаралды
ашық дереккөз
Өзгерістер енгізу мәселесі қаралды
Кеше VIII шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясы өтіп, оған облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, Zoom онлайн платформасы арқылы қала және аудан әкімдері мен қалалық, аудандық мәслихаттар төрағалары қатысты. Сессияны облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев ашып, жүргізіп отырды. Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» баяндама жасады. Сондай-ақ, сессияда «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 31 мамырдағы №3-5 шешіміне, «Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы- демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамы туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 21 сәуірдегі №2-15 шешіміне және «Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 16 наурыздағы №3-11 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қаралды. Сессияда қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.  

 Жүрсінгүл ЖАҚЫП.

Ұқсас жаңалықтар