Құқық
Жазасын өтеуші «Skуре» жүйесі арқылы жақын туыстарымен сөйлесті
- author «Ақ жол»
- 2 тамыз, 2023
- 457

Жазасын өтеуші «Skуре» жүйесі арқылы жақын туыстарымен сөйлесті
Сот үкімімен кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылған азаматтар қоғамнан шеттетілмейді. Керісінше, олардың туған-туыс, ағайын-бауыр, бала-шағасымен тілдесуге жағдай қарастырылған. Соның бірі – жазасын өтеушілердің жақындарымен онлайн байланыс орнату. Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде (қоныс колониясы) жазасын өтеүшінің бірі дәл осындай мүмкіндікке ие болды. Қылмыстық Кодекстің 346 бабына сәйкес кінәсі дәлелденген ер адам 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған. Қоныс колониясында жазасын өтейтін ол "Skуре" жүйесі арқылы жақын туыстарымен сөйлесіп, амандығын білді. Өз кезегінде сотталған азаматтың туыстары бауырымен аз-кем тілдесуге мүмкіндік берген мекеме басшылығына алғысын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғамдық орынның тәртібін сақтау қажет
- 19 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді