Қолдағы қаражатты үнемдей білеміз бе?
Қоғамда қаржы алаяқтары мен ақша жымқырғысы келгендер көбейген тұста, нарықта күнделікті тұтынатын тауарлар мен тұрмысқа қажетті заттардың бағасы құбылып тұрғанда әрбір азамат үшін қаржылай сауатты болудың маңызы зор. Қолда бар жинақты дұрыс жаратып, қаржыдан оңай айырылмаудың, дағдарысқа тап болып қиналып қалмау үшін ең тиімді жолы да сауатты болу. Сол себепті, қаржылай сауатты адам қандай болу керек, оның негізгі белгілері қандай деген сауалға жауап іздейміз. Адам бойындағы қаржылық сауаттылық деген бейім оның экономикалық процеске және экономикалық қызметке араласуымен, тартылуымен де анықталады. Дүние жүзінде әр жыл сайын түрлі агенттіктер мен компаниялар азаматт ардың қаржылық сауатын анықтайтын, өлшейтін зерттеулер жүргізеді. Соның нәтижесін жариялап, белгілі бір елдегі азаматтардың экономикаға тигізер әсері мен ықпалын бағамдайды.
Мәселен, Ресейде бірнеше жыл қатарынан талдау орталықтарының бірі сол мемлекеттегі 85 субъектінің әрқайсысында халықтың қаржылық сауаттылық деңгейіне ауқымды зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижесі бойынша ресейліктердің қаржылық сауаттылық деңгейі бір жыл ішінде өсіп, 1-ден 21-ге дейінгі шкала бойынша 12,37 балды құраған екен. Ол көрсеткіш бір жыл бұрын 12,12 балл болған. Зерттеу нәтижелері бойынша қаржылық сауатты адамның портреті жасалды: ол – экономикалық үдеріске және экономикалық қызметке қатысатын қаржылық қызметтердің белсенді пайдаланушысы, 1 немесе 2 баласы бар отбасылы адам.
Қаржылық сауаттылық деңгейі ерлер мен әйелдерде әр түрлі: әйелдер ерлерге қарағанда қаржылық жағынан сауатты екен (әйелдерде қаржылық сауаттылық индексінің мәні – 12,46 балл, ерлерде – 12,27 балл). Шамамен, қырық жасқа дейін индекстегі гендерлік айырмашылықтар көрінбейді, бірақ қырық жастан кейін әйелдердің артықшылығы айқын көрінеді. Бұл әйелдердің өз үй шаруашылықтарының қаржылық қызметіне көбірек араласуына байланысты.
Мәселен, күнделікті шығыстарды жоспарлау, отбасы мүшелерінің қажеттіліктерін қаржыландыруды ұйымдастыру және тағы басқа мәселелер. Бұл ретте ерлер әйелдерге қарағанда қаржы өнімдерін (мысалы, салымдар мен қарыздар), инфляцияның базалық қасиеттерін, сондай-ақ, тәуекел мен табыстылықтың өзара байланысын жақсы түсінеді.
Қаржылық сауаттылықтың жоғары деңгейінің белгісі – күнделікті өмірде заманауи төлем құралдарын және банктік қызметтерді қашықтықтан пайдалану. Қаржылық сауаттылығы төмен азаматтар банк карталары мен банк қызметтерін азырақ пайдаланады. Ал, қаржылық сауаттылығы жоғары тұрғындардың да қазіргі т аңда қатары көбеюде. Соңғы екі жылда тек қазақстандықтар емес, әлем халқы төлемнің онлайн немесе қолма-қол ақшасыз тәсілдеріне көп жүгіне бастады.
Мысалы, 2021 жылы Қазақстан халқы 2019 жылмен салыстырғанда қолма-қол емес төлемді 205 есе көп жасаған. Ал, Смарт Пэй (QR, Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay, Android Pay, Garmin Pay) арқылы жасалған төлемдер 2019 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 33 есе артқан. Түрлі қызметтер мен тауарлар үшін онлайн төлем 2,9 есе өскен. Зерттеу нәтижелері бойынша елімізде 2021 жылы қолма-қол емес төлем көлемі 14,5 триллион теңгеге жеткен. Ал, 2020 жылы мұндай төлем 82 пайызға аз болған. Бұл тек Қазақстандағы көрсеткіш.
Қаржылық қауіпсіздік – қаржылық сауаттылықтың маңызды құрамдас бөлігі. Ресейдегі зерттеу нәтижесі бойынша сауалнамаға қатысқандардың үштен бірі (34 пайыз) жоғары табыстылық пен ақшалай салымдардың жоғары тәуекелі арасындағы байланысты дұрыс көрсете алмаған. Банк картасын қолданатын әрбір үшінші адам (31 пайыз) алаяқтық әрекеттерге тап болған. Көбінесе алаяқтар карта деректерін білуге немесе жалған шоттарға ақша аударуға тырысыпты. Карта иелерінің 4 пайызы алаяқтық әрекеттер нәтижесінде қаржылық шығынға ұшырағанын да мойындады.
Қаржылық сауаттылық деңгейі отбасы мүшелерінің саны мен жас ерекшеліктеріне байланысты да өзгереді. Сонымен, қаржылық сауаттылық 1-2 кәмелетке толмаған балалары бар толық отбасыларда жоғары болады. 3 және одан да көп балалары бар отбасыларда, сондай-ақ, толық емес отбасыларда қаржылық сауаттылық айтарлықтай төмен жағдай жиі кездеседі.
Жинақ және сақтандыру өнімдерін пайдалану қаржылық сауаттылықтың жоғары деңгейінің бір белгісі. Салымшылар мен сақтандыру өнімдерін пайда ланушылардың қаржылық сауаттылық деңгейі ел бойынша орташадан жоғары. Бұл ретте микроқаржы ұйымдары мен ломбардтардан қарыз алушылар, сондай-ақ, қаржы өнімдерін мүлдем пайдаланбайтын адамдар қаржылық сауаттылықтың төмен деңгейімен ерекшеленеді.
Сонымен, қаржылай сауатты адамның бойындағы негізгі 5 белгіге тоқталайық.
- Ол азаматта үнемі бәрі бақылауда.
- Бұл адам тапқан ақшасының бәрін жұмсамайды.
- Ол қаржы әлемін қадағалап отырады және соны басшылыққа алады, яғни:
- Оның жеке резервтік қоры бар.
- Бұл адам зейнетақы жинақтарын сауатты жасайды.
Интернет материалдары негізінде дайындаған
Мақпал САМАТҚЫЗЫ.
Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді