- Advertisement -

Мемлекеттік қызметші мінсіз болуы тиіс

39

- Advertisement -

Мемлекеттік тәртіпті нығайту және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу – Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттерінің бірі. Осыған орай, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ғимаратында Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде 11 сұрақ, 6 тәртіптік іс қаралды.

Жиында алдымен Байзақ аудандық жер комиссиясының мүшелеріне қатысты тәртіптік іс қаралды. Атап айтсақ, облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің хатшылығымен облыстық прокуратураның ұсынысы негізінде Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Болат Сағынбековке, аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Ержан Тұрсынбекке, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркебай Рсалиевке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Дархан Кенжебековке қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген.

Нәтижесінде Байзақ аудандық жер комиссиясының тарапынан жер саласындағы заңнама талаптарын сақтамау фактілері анықталған. Яғни, жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту, бау-бақша шаруашылығы үшін жер учаскелерін беру сынды олқылықтардың беті ашылған. Одан бөлек, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсатын заңсыз өзгерткен. Осылайша аталған мемлекеттік қызметшілер тәртіптік теріс қылықтарға жол берген. Аты аталған мемлекеттік қызметшілерге өз қызметтеріне толық сәйкес еместігі туралы сөгіс берілді.

Келесі қаралған мәселе – Тараз қаласындағы №39 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында олқылықтар орын алған. Қаражат толық аударылып қойғанымен, жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Осы орайда Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлбану Мәлібековаға қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген.

Мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартпен көзделген жұмыстар толық атқарылмаса да Гүлбану Мәлібекова мердігердің есепшотына қаражат аударып, тәртіптік теріс қылыққа жол берген. Прокуратура өкілдері мән-жайды анықтап, нысанды тексеріп шыққан. Гүлбану Жұмашбайқызының айтуынша, мердігер «Тараз Прогрес» компаниясы жөндеу жұмыстарын тиянақты орындаған. Сол себепті ақша толық аударылғанын айтады. Ал прокуратураның мәліметінше, бетонды борттық тастар төселмеген және екі есік қойылмаған. Осылайша өз ісіне салғырттықпен қарағаны үшін Гүлбану Жұмашбайқызына да қызметіне толық сәйкес еместігі туралы сөгіс берілді.

Әдеп кеңесінде басқа да тәртіптік істер қаралды.

 

«Aq jol»-Aqparat.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support