«Біржанның інілері, Сараның сіңлілері» бақ сынасты
Алматыда «Алматы-ТВ» телеарнасының түсіруімен «Біржанның інілері, Сараның сіңлілері» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Бұл ширек ғасыр бойы жалғасын тапқан дәстүрлі айтыс. Осы айтыстың алғашқы бас жүлдесін 1999 жылы жерлесіміз Ахметжан Өзбеков жеңіп алған болатын.
Бір айта кетерлігі, мұнда суырыпсалмалық айтыстан бөлек, өтірік айтыс, жұмбақ айтыс, қыз бен жігіт, жеңге мен қайын айтыстары әдемі жарасымын тапты. Еліміздің әр аймағынан 28 айтыскер бақ сынаған жарыста жамбылдық 4 жүйрік додаға қосылып, жақсы өнер көрсетті.
Атап айтқанда, бұл күнде айтары бар ақынға айналған Алтынкүл Қасымбекова шымкенттік Нұрлан Есенқұловпен айтысып, өзінің айтыстың қай түрінен де жол таба білетін жүйріктігін көрсетті. Жеңге ретінде де ерекше жауап таба біліп, жұмбақ айтыстың да шырайын ашты. Ал, Фариза Жетпісбаймен сөз сайысына түскен Мұхтар Қонарбаев қызға ұтымды жауап қайтара білуімен ерекшеленді. Қазылар алқасы аталған екі жерлесіміздің де өнерін жоғары бағалады. Сондай-ақ, Айтбек Тұрсынбай мен Шығыстың шырайы Бибігүл Таубалдиева, Алина Айдаралы мен алматылық Ақниет Жұбанышов арасындағы айтыстар да көпшілікке жақсы көңіл-күй сыйлады.
Қазылар алқасының шешімімен бұл айтыста Қарағанды облысынан келген Мақсат Аханов бірінші, жерлестеріміз Алтынкүл Қасымбекова екінші, Мұхтар Қонарбаев үшінші орынды иеленді.
Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді