Су қоймаларында күрделі мәселе көп

Су қоймаларында күрделі мәселе көп
ашық дереккөз
Су қоймаларында күрделі мәселе көп
«Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының қызметінде жүргізілген прокурорлық тексеру өңірдегі трансшекаралық сумен жабдықтау мәселелерінен бөлек, тағы бірқатар өткір сұрақтар бар екендігін көрсетті. Атап айтқанда, өңірде су шығынының жоғары деңгейі 51 пайызға, гидротехникалық құрылыстардың тозуы 30 жылдан 70 жылға дейін. Жұмыс істеуге жарамсыз 37 арна пайдаланылады. Сондай-ақ, ескірген, тиімсіз суды үнемдеу техникаларын қолдануы байқалады. Жобаларды әзірлеудегі кемшіліктердің нәтижесінде, «Қазсушар» РМК тапсырысы бойынша қаржыландыру кезінде облыстың 5 ауданындағы суару арналары мен дренаждық жүйелерді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталмаған. Бұл жоба Еуропа қайта құру және даму банкі қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылған. Осыған орай, суармалы су тапшылығын шешу және осы бағытта уәкілетті органдармен қабылданған шаралардың тиімділігін қадағалау органы алқасының кезекті отырысында қаралды. Алқа мәжілісіне облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, құқық қорғау органдарының басшылары және бейнеконференциялық байланыс арқылы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бейіндік комитеттерінің басшылары қатысты. Айта кету керек, жергілікті бюджет есебінен қайта жаңартылып жатқан «Тасөткел» бөгетінің де мәселелері бар. Ондағы су қоймаларын жаңарту жұмыстары өткен жылдан бері аяқталмаған. Сонымен қатар, «Қазсушар» филиал қызметінде Шу ауданында есепке алу аспаптарын сатып алуға, «Көксай» су құбырын жөңдеуге және су тұтынушыларымен ақы төлеуге қаржылық тәртібі бойынша көптеген құқықбұзушылықтар анықталған. Уәкілетті органдарға Шу ауданында бақылаусыз су тұтыну фактілері туралы ұсыныстар беріліп, онда филиалмен шартсыз 250-ден астам сорғы анықталған. Прокуратураның қадағалау актілерімен Шу және Байзақ ауданының 1500-ден астам шаруа қожалықтарының құқықтары қорғалып, делдалдардан суды үш еселенген бағамен сатып алу тоқтатылды. Енді шарттар тікелей филиалмен жасалуда. Прокурорлар әкімдіктің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу мәселелеріне баса назар аударды. Бүгінде 83-тен 5 су объектілері бойынша жұмыстар атқарылған. Алқа мәжілісінің нәтижесінде облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров жағдайды түзету, су ведомствоаралық жоспарларды әзірлеу, ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі заңсыз суды тұтынуды болдырмау керектігін және анықталған ведомстволық олқылықтар бойынша қатаң шаралар қабылдауды тапсырды. Мәжіліс қорытындысы барысында, өңірде сапалы суды пайдалану бойынша шаралар әзірленді.  

Мақпал САМАТҚЫЗЫ

 

Ұқсас жаңалықтар