Ажырасу азайып келеді

Ажырасу азайып келеді
ашық дереккөз
Ажырасу азайып келеді
Облыста биылғы бірінші жартыжылдықта өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда неке бұзу саны азайған. Ал, қылмыстық істер саны, керісінше көбейіпті. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтылды. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Азамат Тлеповтің айтуынша, облыс соттарына өткен жылғы алғашқы алты айда биыл 36 қылмыстық іс көбірек түскен. Тиісінше үкім шығарумен аяқталған істердің саны 60-қа дейін өскен. – Биылғы 5 айда үкім шығарумен 705 адамға қатысты 599 қылмыстық іс, үкім шығарумен 645 тұлғаға қатысты 539 іс қаралған. Апелляциялық тәртіппен қаралған істер мен материалдардың саны 205-ке артты. Есептік кезеңде 695 тұлға сотталса, оның ішінде 252 адам бас бостандығынан айырылып, 10 адам ақталды. Алқабилердің қатысуымен есепті кезеңде 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс қаралды, ал өткен жылдың 5 айында 2 адамға қатысты 2 іс қаралды. Апелляциялық тәртіппен 4 іс бойынша қаулылардың күші жойылып, 7 іс бойынша қаулылар өзгертілді. Биылғы 5 айда қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қанағаттандырылған өтініш хаттар аса ауыр қылмыс жасаған 45 тұлғаға, ауыр қылмыстар бойынша 180 тұлғаға, ауырлығы орташа қылмыстар бойынша 32 тұлғаға, ауырлығы төмен қылмыстар жасаған 40 тұлғаға қатысты қолданылды, – дейді Азамат Серікұлы. Ал, жанұя-неке даулары бойынша биылғы бірінші жартыжылдықта соттарға 2432 талап қою түссе, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытында 2683 болған. Оның ішінде биыл 1871 азаматтық іс, былтыр 2040 іс қозғалған. Яғни, былтырғымен салыстырғанда 169 іске кем болған. – Біздің негізгі мақсатымыз – статистикалық мәліметтерді көздеу емес, басты мақсат – сот төрелігін сапалы жүргізу. Дегенмен, жалпы күші жойылған және өзгертілген 66 шешім 1,3 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткіш азаматтық істер бойынша облыс және республика соттары арасындағы ең жоғарғы сапалы сот төрелегін жүзеге асырып жатқанын көрсетеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша да облыс соттары азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқаруда ең жоғарғы нәтижелермен аяқтады. Алдағы уақытта да осы қарқынды қызметімізді одан әрі жалғастырып, сот төрелігінің сапалы атқарамыз деп ойлаймын. Азаматтық алқамен «Отбасылық сот» пилоттық жобасымен қаралып жатқан азаматтық істер бойынша сот практикасы әркез сараланып келеді. Жыл басынан бері соттарға жанұя-неке даулары бойынша 2432 талап қою түсті. Оның ішінде 1871 азаматтық іс қозғалды. Бірінші сатыдағы сот төрағалары мен судьяларына неке бұзу туралы азаматтық істер бойынша медиация мен бітім келісімдерін бекітуге болмайтынын, осы істер санаты бойынша біркелкі сот практикасын қалыптастыру тапсырылған. Бітімгершілік рәсімдері тараптардың құқықтарына нұқсан келтірмей, ортақ келісім өз еріктерімен жасалынуы тиіс. Келісім аяқталғанша тараптарға міндетті түрде бітімді бекітудің салдарын ашып түсіндіру қажет. Бұл процессуалдық заң талаптарын қатаң сақтамаған жағдайда сот ұйғарымының күші жойылуға жатады, – дейді облыстық соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Ардақ Әкетаев. Төрағаның сөзіне сүйенсек, облыста жұбайлардың ажырасуы азайып келе жатыр. Мұнда медиацияның да рөлі бары рас.  

Қамар ҚАРАСАЕВА

 

Ұқсас жаңалықтар