Биыл 7300-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады

Биыл 7300-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады
ашық дереккөз
Биыл 7300-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен «Бизнеске арналған үкіметтің» фронт-офисінде инвестициялық штаб отырысы өтті. Онда Түркияның «ІLCI» компаниясы әуежай базасында жүк терминалын салу жобасын ұсынды. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға жобаны жан-жақты зерделеуді тапсырды. Сондай-ақ, инвестициялық штаб отырысы барысында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің инвестиция тарту жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 147,4 миллиард теңгені құраған, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5 пайызға артық. Осы жылдың қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 55,9 миллиард теңгені құраған. Биыл бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 7229 тұрақты жұмыс орны ашылады. 2023-2024 жылдары облыс орталығында 884 жаңа жұмыс орнын ашуға негізделген жалпы көлемі 32,2 миллиард теңгені құрайтын 6 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Олар «Kisc» ЖШС – құю цехын жаңғырту, «СП Тараз РЭТ» - полиэтилентерефталатты қайта өңдеу зауытының құрылысы, «Алима Делюкс» ЖШС – тұрмыстық техника зауыты, «Оргэлитстройсервис» ЖШС – қант зауыты және құрама жем өндірісі, «Alina Group» ЖШС – құрғақ құрылыс қоспалары зауытын салу, «Алашпром» ЖШС – автоклавты құрылыс газ блоктарын шығару. Жиында тазарту құрылыстарын салу және қалдықтарды қайта өңдеу жобаларын жүзеге асыру барысы да талқыланды. – Біздің басты мақсатымыз – жаңа жұмыс орындарын ашу. Бизнес жобаларды қолдаудың нақты тетігін әзірлеу қажет. Шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөлу маңызды, – деді облыс әкімі.  

«Aq jol»-Aqparat.

Ұқсас жаңалықтар