Кариестің алдын алған жөн
Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасының пайдалануға қолайлы болғаны дұрыс. Синтетикалық материалдардан жасалған щеткаларды 3-4 айда ауыстырып отырған абзал. Қызыл иекті де қолмен ысқылап, ерінбей массажды үнемі жасап отырған дұрыс. Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан кем болмауы керек. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы тиіс, яғни, ұйықтар алдында және таңертең. Тіс тазаламаған жағдайда ауыздан жағымсыз иістер шығып тұруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді. Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуып, спиртпен дезинфекциялаған дұрыс. Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық – физиологиялық белсенді заттар енгізіледі (тұздар – фермениттер – биологиялық катализаторлар, микроэлементтер – Mn, Cu, Fe, Co, Zi, Ti және фтор, кальций – хлорофилл – жасыл пигмент, өсімдік жапырақтарынан өндіріледі). Тісті тазартқаннан кейін ауызды эликсирмен шайып тұру маңызды. Кариестің алдын алу үшін, осы әдістерді бұлжытпай орындаған абзал.
Материалдар интернет желісі негізінде дайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




