Инсульт алып қалмас үшін...
Дерттің көбі өмір сүру салтын дұрыс сақтамағаннан туындайды. Артық салмақ бірнеше инсульт факторларын тудыратын қауіптің белгісі. Оның кесірінен артериалды қысым көтеріліп, жүрек-қан тамыр аурулары туындап, диабет дамуы ықтимал. 4-5 килограмм жоғалтудың өзі көптеген қауіп-қатердің бұлтын сейілтеді. Көкөністер қан қысымын төмендетуге, тамырдың иілгіштігін жақсартуға әсер етеді. Темекіден бас тартыңыз.
«Анда-санда шегемін» деген сөз де ақталуға жатпайды. Ол белсенді шылым тартатындар секілді тамырлардың жұмысына аса кедергі келтіреді. Физикалық белсенділік инсульттың барлық түрінің дамуын төмендетеді. Әсіресе, аэробты жаттығулардың пайдасы көп: жүру, жүгіру, суға жүзу, велосипед айдау, жүктемесі аздау фитнес түрлері. Күн сайын кем дегенде 30 минут жаттығу жасап жүріңіз.
Бұл – салмақты азайтып, толық қан айналымын жақсартып, стресстен арылтады. Трансмайлар тамырлардағы бос аралықты азайтады. Ол – тромбтың пайда болуының алғашқы түрткісі. Сол себепті фастфуд, чипсы, крекер, маргарин секілді тағамдарды азырақ қолдануға тырысыңыз.
Материалдар интернет желісі негізінде дайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




