Басты жаңалық
Жамбыл облысында мемлекеттік кәсіпорынның бас бухгалтеріне қатысты үкім шықты
- author «Ақ жол»
- 17 шілде, 2023
- 873
Жамбыл облысында мемлекеттік кәсіпорынның бас бухгалтеріне қатысты үкім шықты
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының прокуратурасы «Құлан-Энерго Жылу» ШЖҚ КМК бас бухгалтерінің 7 миллион теңге жымқыру фактісін анықтады. Аудан прокуратурасы «Құлан-Энерго Жылу» ШЖҚ КМК қызметіне бюджет қаражатын жұмсау мәселесіне талдау жүргізді. Талдау барысында кәсіпорынның бас бухгалтері төлем тапсырмаларымен КМК-ның бюджет қаражатын өзінің карточкалық шоттарына аударғаны анықталды.
Бұл ретте, өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында төлем тапсырмаларының бағанына тауарлар, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметтер үшін төлемдер ретінде төлемнің мақсатын көрсеткен.
Осы факті бойынша аудан прокуратурасы ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін тапсырылды. Тергеу аяқталғаннан кейін, қылмыстық іс сотқа жолданды. Аудандық соттың 23.06.2023 жылғы үкімімен кәсіпорынның бас бухгалтері қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалып, сондай-ақ коммерциялық және өзге де ұйымдарда 3 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Заңсыз аударылған ақша мемлекетке толық көлемде қайтарылды.
Т. Рысқұлов ауданының прокуратурасы
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




