Айтыскерлер Ақсуаттан жүлделі оралды

Айтыскерлер Ақсуаттан жүлделі оралды
ашық дереккөз
Айтыскерлер Ақсуаттан жүлделі оралды
Кейінгі жылдары өңірімізде айтыс өнері саласында да бірқатар ілгерілеу бар. Бірқатар айтыскерлеріміз республикалық деңгейде топ жаратын деңгейге жетті. Таяу күндерде жерлестеріміз тағы да жарқын жеңістерімен қуантты. Абай облысының Ақсуат ауданында өткен «Асыл домбыра» республикалық айтысының қорытынды кезеңінде жерлесіміз, Т.Рысқұлов ауданының ақыны Айтбек Тұрсынбай жүлделі екінші орынды иеленіп, автокөлік мінді. Ал, дәл осы айтыста жуалылық Қанат Мырзахан жүлделі үшінші орынға қол жеткізді. Бұл өңір айтысы үшін – үлкен жетістік. Сонымен қатар, айтыс болашағы жасөспірімдерді де қолдау жұмыстары жүйелі жүзеге асып келеді. Сөзімізге дәлел, Жамбыл ауданындағы Айша бибі орт а мектебінің 10-сынып оқушысы Алина Айдаралы айтыстан-айтысқа шыңдалып, өзін жетілдіріп келеді. Алина жақында ғана Қызылорда облысында Қаңлы Жүсіптің құрметіне өткен республикалық айтыста жақсы өнер көрсетіп, Бекұзақ Тәңірбергенов атындағы арнайы жүлдені иеленіп қайтты. – Қазір жаз мезгілі. Көпшілік дема лыст арда жүр. Сондықт ан, өңірімізде ақындар айтысын өткізуді тамыздан әрі қарай деп белгілеп отырмыз. Өңірімізде облыстық ақындар айтысын, жастар айтысын өткізіп тұру аса маңызды. Осы кезге дейін өткізген айтыстарымыз өз нәтижесін беріп келеді. Жоғарыда айтылған айтыскерлердің жетістіктері біздегі ұйымдастыру жұмыстарының жемісі. Біз алдағы уақытта да жергілікті айтыскерлерді дамыту, мүмкіндіктерін ашу, жас айтыскерлерге де, біраз уақыттан бері көріне алмай жүрген басқа айтыскерлерге де қолдау білдіреміз. Себебі, бізге өңір айтысының өркендегені керек, – дейді Мәдениет саласының үздігі, белгілі айтыскер, айтыс ақындары мен жыршы-термешілерінің халықаралық одағы облыстық филиалының төрағасы Ахметжан Өзбеков.  

Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ.

Ұқсас жаңалықтар