Тараз қаласында терроризмге қарсы бағыттағы оқу-жаттығулар өткізілуде

Тараз қаласында терроризмге қарсы бағыттағы оқу-жаттығулар өткізілуде
ашық дереккөз
Тараз қаласында терроризмге қарсы бағыттағы оқу-жаттығулар өткізілуде
Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен Тараз қаласында құзыретті органдардың терроризмге қарсы бағыттағы бірлескен оқу -жаттығу шаралары ұйымдастырылуда. Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың күш- құралдарының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабпен терроризм актілеріне шұғыл ден қою және тәжірибелік дағдыларын пысықтау болып табылады. Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз. Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар