Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды
Бегалиев Берік Дүйсенбайұлы Жамбыл облысы әкімінің қоғамдық-саяси, жастар ісі жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды. Берік Дүйсенбайұлы 1989 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласында туған. Білімі – жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің заңгер бакалавры және ҚР Президенті жанындағы мелмекеттік басқару академиясы, Бизнес және басқару магистрі.
Берік Бегалиев еңбек өтілін Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінде «Жастар практикасы» маманы ретін бастаған.
Әр жылдары Шу аудандық «Жастар орталығы» КММ консультанты, ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар орталығы» директорының орынбасары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің консультанты, Шу ауданы әкімі аппаратының Ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы, басшысы, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Меркі ауданы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




