Қасиетті қазақ жері құтты қоныс, атамекеніміз

Қасиетті  қазақ  жері  құтты  қоныс, атамекеніміз
ашық дереккөз
Қасиетті қазақ жері құтты қоныс, атамекеніміз

16Федор Клименко, «Днепро» украин этномәдени орталығының төрағасы, II дәрежелі «Достық» орденінің иегері.

Бүгінде сан ұлттың өкілдерінің құтты қонысы, атамекеніне айналып отырған республикамыздың Тәуелсіздігінің 23 жылдық торқалы тойы Қазақстанды мекендейтін барша ұлттың ортақ қуанышы болып табылады. Өйткені, егемендіктің арқасында ғана ежелгі қазақ жеріне қоныстанған 140 этнос өздерінің тарихы мен салт-дәстүрлерін, дінін және мәдениетін сақтап, ұлттық құндылықтарын дәріптеуге мүмкіндік алып отыр. Солардың санатында бүгінде облыс аумағында тұратын төрт мыңнан астам украин ұлты өкілдерін маңайына топтастырып, еліміздегі ұлтаралық келісім мен толеранттылықты одан әрі нығайтуға, азаматтардың демократиялық нормаларды басшылыққа алатын саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосып отырған «Днепро» украин мәдени орталығын атауға болады. Баршаға мәлім, бүгінгі таңда халықаралық сарапшылар қоғамдағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал жасай алатын әлемдегі азаматтық қоғам институттарының бірегейі санайтын әрі Елбасы төрағасы болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясы алдағы жылы жиырма жылдық мерейлі мерекесін ҚР Конституциясының 20 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен қатар атап өтетін болады. Соған орай Республика Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жарлығымен 2015 жылды «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп белгілеп отыр. Оны кең ауқымда атап өту үшін аумақтағы 23 этномәдени орталығымен бірге, өзім төрағасы болып табылатын «Днепро» украин мәдени орталығы да жан-жақты әзірлік жасауда. Мақсат — Мемлекет басшысының биылғы ел халқына арнаған «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Жолдауында атап көрсеткеніндей «...қазақстандықтарды рухани тұрғыда бұрынғыдан да гөрі күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да бетер тағатты етуге» өзіндік үлес қосу.

Ұқсас жаңалықтар