- Advertisement -

Коммуналдық төлемдер қымбаттайды

171

- Advertisement -

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тариф саясатына көшу» тақырыбында брифинг өтті. Оған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы Алмат Абдрайхан мен облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Руслан Мұздыбеков қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүгінде облыста «Тарифті инвестицияға айырбастау» жобасы қолға алынбақ. Жоба аясында барлық коммуналдық төлемдер тарифі шамамен 10-нан 20 пайызға дейін өсуі мүмкін. Бұл ретте тарифтерді бір мезетте 2-3 есеге бірден өсірмеу үшін 2029 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

– Желілердің тозуын төмендету мақсатында 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаға қосымша 1 131,632 миллион теңге қажет. Аталмыш қаржының сомасы 196 шақырым электр желілерін жөндеуді қамтиды, бұл қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 12,8 пайызға ұлғаяды және тарифі 1 кВт/сағ үшін 9,87 теңгені құрап, тозу деңгейі 77,74 пайызды қамтитын болады, – деді Руслан Орынбекұлы.

Жалпы, облыстағы қызыл аймақтағы тарифпен 4 кәсіпорын – «Таразэнергоорталық», «Таразтрансэнерго», «Жамбыл Су» және «Жамбыл электр жүйесі» жұмыс істеп келеді. Бұл 4 кәсіпорынның үшеуінің бағдарламасына түзету енгізілген.

– Болжамдар бойынша тарифтердің өзгеруі энергия өндіруші ұйымдардың бағасының өсуіне, желілердің тозу деңгейіне, өңірдің қажеттіліктеріне және табиғи монополия субъектілерінің өтініштеріне байланысты орташа алғанда 10-20 пайызды құрауы мүмкін. Атап айтқанда, «ЖЭО» акционерлік қоғамы бекітілген инвестициялық бағдарламаға РК-4 үшін 723,2 миллион теңгеге 2 су жылыту қазандығын сатып алуды, «Таразтрансэнерго» МКК қосымша 859,0 миллион теңгеге жылу желілерін жаңғыртуды, «Жамбыл су» МКК 479,7 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл іс-шаралар тарифке әсер етпейді, себебі бюджет қаражатының есебінен іске асырылады,– деді Алмат Абылайханұлы.

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support