«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тараз бен Олимпия арасында ынтымақтастық артады

Тараз бен Олимпия арасында ынтымақтастық артады
ашық дереккөз
Тараз бен Олимпия арасында ынтымақтастық артады
Бүгінгі таңда Жамбыл облысы мен Греция арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық дамып келеді. Жалпы, облысымыздың Грециямен тауар айналымы өткен жылы 3,3 миллион АҚШ долларын құраған болатын. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Грекияның ежелгі Олимпия қаласының мэрі Георгиопулос Георгиоспен кездесті. Кездесуге Қазақстан- Грекия Іскерлік Кеңесінің тең төрағалары Жақсыбек Құлекеев, Ламнидис Томас, Грек Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі Бақытжан Сүйіндіков қатысты. Тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың бүгінгі жағдайы мен алдағы жоспарын талқылады. Негізгі салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара қарым- қатынасты арттыруға, мәдени- гуманитарлық, білім беру және спорт салаларындағы байланысқа ерекше назар аударылды. Жалпы, облысымызда екі мыңға жуық грек ұлтының өкілі тұрып, еңбек етуде. 1989 жылы Жамбыл облыстық гректер қоғамы құрылған. – Тараз да, ежелгі Олимпия да – ғасырлар бойы қалыптасқан терең тарихы мен мәдениеті бай қалалар. Біз туризм, өнеркәсіп, жаңартылатын энергия көздері саласында да ынтымақтастықты жолға қоюға дайынбыз, – деп атап өтті кездесу барысында Нұржан Нұржігітов. Георгиопулос Георгиос екі ел арасындағы, оның ішінде өңірлік деңгейдегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді. Сондай-ақ, Ежелгі Олимпия мэрі мен құрметті қонақтар «Ежелгі Тараз» тарихи-этномәдени кешенін, «Анаға тағзым» орталығын, Қарахан, Айша бибі, Бабаджа-Хатун кесенелерін, «Тектұрмас» этно-тарихи кешенін, гимнастика және үстел теннисі орталықтарын аралады.  

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар