«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Күле отырайық

Күле отырайық
ашық дереккөз
Күле отырайық

«Ешкімнің ісіне араласпайтын»

Жігіт кішкентай баланың кәмпит жеп отырғанына қарап отыр. Бала он шақты кәмпит жегеннен кейін, әлгі бозбала шыдай алмай: – Әй, бала, көп кәмпит жеудің денсаулыққа зиян екенін білетін шығарсың? – Ал, менің атам 105-ке дейін өмір сүріпті. – Ол да көп кәмпит жеген бе? – Жоқ, ол біреудің ісіне араласпайтын.

Жүк

Оқудан демалысқа шығып, ауылына асыққан жігіт такси тоқтатады. – Вокзалға дейін қанша аласыз? – Екі мың теңге. – Ал мына жүктеріме қанша төлеймін? – Багаж тегін ғой бізде. – Онда жүгімді ала кетіңізші!Мен артыңыздан трамваймен жетемін.

«Тыңдап отырмын»

– Студент Алпысбаев, сіз мені неге тыңдамай отырсыз? – дейді профессор. – Мен сізді тыңдап отырмын, профессор, – дейді студент бой бермей. – Олай болса менің соңғы айтқандарымды қайталаңыз. – «Студент Алпысбаев, сіз мені неге тыңдамай отырсыз?».

SMS-хат

Жігіт қызға sms-хат жолдауда: «Мына абонент «Маған тұрмысқа шығасыз ба?, – деп сұрайды». Қыздың жауабы: «Сіздің бұл операцияны жүзеге асыруға қаражатыңыз жеткіліксіз». «Трагедия» Қыз бен жігіт кинотеатрда махаббат туралы фильм көріп отыр. Қыз: – Қалай ойлайсың, бұл екеуі соңында үйлене ме? Жігіт: – Әрине!Барлық кинолар осындай «трагедиямен» аяқталады ғой.

Ұқсас жаңалықтар