Қазақ зиялылары жиырма жасында

Қазақ зиялылары жиырма жасында
ашық дереккөз
Қазақ зиялылары жиырма жасында

Шоқан Уәлиханов 19 жасында алғашқы «Тоқтамыс ханның жарлығы» атты ғылыми еңбегін жарыққа шығарып, бір жыл өткен соң полковник М.Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін зерттеген. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Әлем ғалымдары арасында тұңғыш рет «Манас» эпосының ең шұрайлы бөлігі «Көкетай ханның ертегісі» жырын жазып алады. Сол жылдары белгілі географ П.Семенов-Тян-Шанскиймен, Ф.Достаевскиймен танысқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің жиырмасыншы көктемінде «Айқап» журналына жауапты хатшы болып орналасып, осы журналда «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жайы қалай?» және тағы да басқа көптеген әңгіме, мақалаларын жариялаған. Міржақып Дулатұлы 20 жасында А.Байтұрсыновпен бірге Қарқаралыдағы саяси бұқаралық жұмыстарға қатысып, сол жылы патша өкіметіне қазақ халқының атынан петиция жазушылардың қатарында болған. Сол жылдары «Оян, қазақ!» деп ұрандатып, елді білімге, ел үшін пайдалы іс-әрекетке шақырған. 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде жиырма жастағы Ыбырай Алтынсарин өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға барған. Бірақ мектеп бірден іске кірісе қоймайды. Бұл аралықта Ы.Алтынсарин ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы 4 жыл өз үйінде оқытқан. Мұхтар Әуезов 20 жасында «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны Ойқұдықта сахнаға шығарған. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланған.

Жоба жетекшісі: Көсемәлі Сәттібайұлы ckosemali@mail.ru

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ tursynbek-ak-zhol@mail.ru

Ернар БАЛҒАБАЕВ massgrand@mail.ru

Ұқсас жаңалықтар