«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ең жас миллиардер кім?

Ең жас миллиардер кім?
ашық дереккөз
Ең жас миллиардер кім?

«Forbes» журналы 2014 жылдың ең жас миллиардерлерінің тізімін жасады. Тізімге 40 жасқа дейінгі 31 адам еніп отыр. Олардың 13-і американдықтар. Ендеше, ең бай әрі жас миллиардерлердің алғашқы бестігін біле жүрген артықтық етпес. Көштің басын қытайлық 24 жасар Перенна Кей бастап тұр. «Logan Property Holdings» акционерлік қоғамының төрағасы Цзи Хайпэннің қызының қаржылық қоры 1,3 миллиард долларды құраған. Айта кетейік, Кей Лондон университетінде экономика және қаржы мамандығын игерген. Екінші орынға 6,8 миллиард доллар қаржысы бар Дастин Московиц тұрақтады. 2013 жылдың ең жас әрі бай миллиардерлердің тізімін бастаған Московиц биыл 30 жасқа толды. Айта кетейік, Facebook әлеуметтік желісінің техникалық директоры болған Дастин 2008 жылы Facebook-ті тастап, жаңа тың жобалармен айналыса бастаған. 29 жасар Марк Цукерберг үшінші орынға жайғасты. Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марктің жеке шотында 28,5 миллиард доллар бар. Ал, төртінші орынға 29 жастағы кіші Антон Катрейн жайғасты. Kathrein-Werke AG толқын жималарын шығаратын компанияның басшысы Антон Катрейннің қаржы қоры 1,35 миллиард долларды құраған. Айта кетейік, әлемнің түкпір-түкпірінде компанияның 18 өндіріс орны бар. Ең жас миллиардерлердің тізімін 30 жасар Дрю Хьюстон жалғастырады. Ақпараттарды сақтайтын «Dropbox» сервисін ойлап тапқан Дрюдің қаржы қоры 1,2 миллиард долларды құраған.

Жоба жетекшісі: Көсемәлі Сәттібайұлы ckosemali@mail.ru

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ tursynbek-ak-zhol@mail.ru

Ернар БАЛҒАБАЕВ massgrand@mail.ru

Ұқсас жаңалықтар