Даналық дәні
Жиырма деген жасыңыз, Ағып жатқан бұлақтай. Отыз деген жасыңыз, Жарға ойнаған лақтай. Бұқар жырау
Адам өмірінің ең биік шыңы – жастық шақ.
И. Гете
Жастық – жаһандағы ұлы тылсым.
А. Пушкин
Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл – болашақ жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар. Бұл – болашақ атаулының бастауы.
Назым Хикмет Жас ұрпақ... келешектің қожасы.
В. Белинскиий
Жас мұраты, білім, тәлім талабы... Өнер, оқу – жастың қару-жарағы.
Ілияс Жансүгіров
Жас көңіл тың жер сияқты, не ексең сол шығады, әрі мол шығады.
Ғабиден Мұстафин
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




