Жамбыл облысында астық жинау науқаны басталды

Жамбыл облысында астық жинау науқаны басталды
ашық дереккөз
Жамбыл облысында астық жинау науқаны басталды
Биылғы жылы облыс бойынша 379,0 мың гектар жерге дәнді масақты дақылдар егілсе, оның ішінде 162,7 мың гектарға бидай, 216,3 мың гектарға арпа себілген. Бүгінгі күні облыста алғашқылардың бірі болып Жамбыл және Т.Рысқұлов аудандары егінге орақ салды. Биыл Жамбылдық диқандар 4,5 мың гектарға бидай, 13,3 мың гектарға арпа сепсе, Құландық шаруалар 61,7 мың гектарға бидай, 53,2 мың гектарға арпа еккен болатын. Қазіргі уақытта облыс бойынша 235 гектар алқап орылып, 305 тонна өнім жиналды. Жалпы ағымдағы жылы астық ору науқанына 800-ден астам техника жұмылдырылатын болады.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар