Жамбылда сапасы жақсы шұжық бар
Бүгінгі таңда өңдеу кәсіпорындарының қатары артып келеді. Мал, көкөніс пен жеміс-жидек өңдейтін цехтар Тараз қаласы, онымен іргелес жатқан Байзақ пен Жамбыл аудандарында көптеп ашылып, жұмыс істеуде. Соның бірі – Жамбыл ауданына қарасты Жалпақтөбе ауылында жұмыс істеп тұрған «Берсанукаев» ТПК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестік төрағасы – Сайд Берсанұқаев. Оның ұлты – шешен. Сайдтың бұл кәсіппен айналысып келе жатқанына жеті жылдың жүзі болыпты. Серіктестік шұжық өнімдерін өндірумен айналысады. Кәсіпкердің шұжық цехында қайнатылған, ысталған, қайнатылып-ысталған шұжық, шұжықша, сарделькалар және тағы басқа өнімдер дайындалады.
– Қандай кәсіп болса да оның өз қиындығы мен жетістігі қатар жүреді. Сонымен бірге бәсекелестік орта деген бар. Ол ортада өнімің нарық талабына сай болмаса, оны өткере алмайсың. Қазір тұтынушылардың талғамы да жоғары. Бүгінде тұтынушыларымыздың сұранысына қарай жұмыс істеудеміз. Біздің цехтарда дайындалған өнімдер қала дүкендерінде өткерілуде. Соның ішінде «Скифтрейд», «Дәмді себет» сауда орталықтарымен тығыз ынтымақтастық орнаттық, – дейді кәсіпкер.
Кәсіпкер өнімдерін өз нарығымызда ғана емес, шетелге экспорттауды да қолға алған. Бүгінде шұжықтың бір бөлігі Ресей Федерациясына экспортталуда.
Кез келген кәсіпкер өндіріс көлемін арттыруға тырысатыны белгілі. Сайд Берсанұқаев та өз бизнесін ұлғайту мақсатында «Даму» қорының облыстық филиалына хабарласып, несие рәсімдеген.
– «Даму» қорының көмегімен «Нұрбанк» акционерлік қоғамының облыстық филиалы арқылы несие рәсімдеп, шұжық цехына қажетті құрал-жабдықтар алып орнаттым. Жаңа жұмыс орнын ашып, өрісімді кеңейтіп, өнімнің бірнеше түрін өндіріске қостым. Бір сөзбен айтқанда, алған несием өнім өндірісін ұлғайтуға және нарықты шұжық өнімдерінің жаңа және сапалы түрлерімен толықтыруға мүмкіндік берді, – дейді ол.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Жамбыл ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Өнеркәсіп өндірісі – 97,2 миллиард теңге
- 28 қараша, 2024
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді