Облыста 280 мыңдай адам сақтандырылған
Бүгінгі күнге дейін облыста «Сақтандыру» ақпараттық жүйесінде сақтандырылмаған тұрғындар саны 279 043 адамды құрайды. Сақтандырылмаған халықтың құрамында 42446 жалдамалы жұмыскер, 6451 жеке кәсіпкер болса, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызмет көрсететін адам саны – 6185. Ал, 156 мыңнан астам тұрғын соңғы 12 ай ішінде жарна төлемегендіктен, олардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесі анықталмай отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыс бойынша филиалы директорының орынбасары Ғайни Аймағанбетова айтты. Баяндамашының сөзінше, өңір халқының 77,2 пайызы медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу құқығына ие.
– Қазіргі таңда Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, облыс халқының 942 мыңнан астамы сақтандырылған. Жалпы, медициналық ұйымдарға 1 169171 тұрғын тіркелсе, 52043 азамат әлі де емханаларға тіркелмеген. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір бағыт – азаматтардың жекелеген санаттарына стоматологиялық көмек көрсету. Соңғы уақытта бұл қызметке тұрғындардың сұранысы арта түсті. Мәселен, өткен жылы стоматологиялық клиникалардың көрсеткен қызметіне 2 миллионнан астам қаржы жұмсалған. Сондай-ақ, қор тарапынан өңір тұрғындарын оңалту мақсатында 4 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді, – деді ол.
Сонымен қатар, спикер ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске қосылған «Аңсаған сәби» бағдарламасы міндетті әлеуметтік- медициналық сақтандыру жүйесінде сәтті жүзеге асырылып жатқанына тоқталды. Бағдарлама аясында өткен жылы 263 квота бөлінсе, биыл оның саны 245-ке жетіп отыр.
Атап өтейік, осы жылдың 4 айында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өңірлік филиалына 76 өтініш пен шағым түсті. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 37,7 пайызға төмендеп отырғанын көрсетеді.
Қанат КҮЗБЕРГЕНОВ,
М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




