Шапалақ

Шапалақ
ашық дереккөз
Шапалақ
Жақында ауылдан сұмдық хабар естідім. 48 жасар әкесін 15 жасар баласы сабап тастапты. Әкесін бала сабаған. Сәл ертеректе біздің кеңшарда ұзақ жыл озат механизатор болған қарт кісіні де көшеден қызу болып келген кіші баласы қос қолынан қатар ұрып, қорлапты деп те естіген едік. Мұндайды құлақ естіп, көз көрмеген. Кім кінәлі? Бәлкім, басынан дұрыс тәрбие бере алмаған әкелердің өзі кінәлі болар. Жұмысбасты болып, бала тәрбиесін екінші қатарға қойған көкелеріміздің шешімі қате болғаны ма? Әлде баланың санасы жоқ па? Қалай болғанда да, жағаңды ұстайсың. Бұл – қазақ халқының болмысына тән қасиет емес. Ойлана жүрейік! Тәрбие – тал бесіктен. Баланы неғұрлым ерте тәрбиелеген жөн. Әйтпесе кеш болады. Өзіңе таяқ болып тиеді. Жазушы Ерғали Сағаттың «Шапалақ» атты шағын әңгімесінде ауырып жатқан әкенің көңілін сұрай барған баласын шапалақпен тартып жібергені айтылады. Не үшін? Босаңсып, боркемік боп бара жатқан баласын жігерлендіру үшін. Баласына сабақ болсын дегені анық. Баланы бағып-қағу, қатарынан кем етпеумен қатар, тәрбие беру, ізгі қасиеттерге баулу – қартайғанда әр әкеге рахат сыйлайтын құндылық! Қарттар қадірлі, әкелер ардақты болып, жақсы қасиеттеріміз тұғырдан түспесе екен!  

Есет ДОСАЛЫ

Талас ауданы

Ұқсас жаңалықтар