Тәрбиешілер тәжірибе алмасты
«Өрлеу» БАҰО» АҚ облыс бойынша Кәсіби даму институтының филиалы мен Тараз қалалық білім бөлімінің №22 бөбекжай-бақшасы бірлесе отырып «Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын қызметіндегі қазақ тілі» атты облыстық семинар өткізді. Семинар жұмысының негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытудың тиімді технологиясы ретінде «Тілдік ортаға ену» әдістемесі бойынша тәжірибе алмасу және тарату. Аталмыш семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ облыс бойынша Кәсіби даму институты филиалының аға әдіскері Наталья Цой мен әдіскері Ләззат Өтеулиева, облыс әкімдігінің білім басқармасы оқу- әдістемелік орталығының «Мектепке дейінгі ұйымдар, мектепалды даярлық, арнайы және инклюзивті білім беру» бөлімінің меңгерушісі Сәуле Жаманқұлова мен әдіскері Гүлмира Сейітбекова, Тараз қалалық білім бөлімінің әдіскері Дариға Рамазанова, №22 бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Надежда Новичкова қатысты. Сондай-ақ, облыстық оқу-әдістемелік орталығы мен аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты әдістемелік орталықтардың әдіскерлері, балабақша меңгерушілері мен әдіскерлері онлайн форматта байланыс орнатты.
Семинар «Тілдік ортаға ену» әдістемесі бойынша педагогтердің іс-тәжірибесімен танысу, мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік мүмкіндіктерін анықтауға арналған оқу-әдістемелік құралдар жинағын әзірлеу, ұйымдастырушылық оқу іс-әрекетіне пайдалану бағыттары бойынша жүргізілді.
Басқосуды ашып берген Ләззат Өтеулиева мен Надежда Новичкова сала мамандарының жұмысына сәттілік тіледі. Әрі қарай №22 бөбекжай-бақшасының әдіскері Гүлнұр Устаева тіл оқыту тәжірибесімен бөлісті.
«Пчелки» аға тобының тәрбиешісі Айгүл Күрішбаеваның жетекшілігімен «Әжеге қонақ» ойыны, «Почемучки» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Наталья Еклашованың жетекшілігімен «Ғажайып дорба» ойыны ұйымдастырылып, «Теремок» аға тобының тәрбиешісі Гүлмира Мақашеваның жетекшілігімен бүлдіршіндер «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналады. Аға топ тәрбиешісі Марина Васильевнаның «Әлемді екі тілде танимын» атты баяндамасы қонақтардың қызығушылығын туғызды. Ал, қазақ тілі мұғалімдері Әлия Жағыпарова мен Салтанат Әбдіқұлованың жетекшілігімен «Аю мен Маса» театрландырылған қойылымын көрсетіп, бүлдіршіндердің актерлік шеберліктері семинар қатысушыларына ерекше әсер қалдырды.
Бұл күні тәрбиешілер мен қонақтар арасында кері байланыс орнатылып, өз ұсыныстарымен бөлісті. Семинар соңында балабақша тәрбиешілері Алғыс хаттармен марапатталды.
Ұлданай БАЙҰЗАҚ,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің 2-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді