Жоңышқадан 3 орым алуға мүмкіндік бар
Қостөбе ауылының күнбатыс жағындағы жоңышқалық алқабында қайнаған қызу еңбек. Бірнеше күн бұрын онда орақ түскен, енді алқаптағы құрғақ шөпті екі трактор ары-бері зымырап, жоңышқасын тайлап жатыр. Бұл 12 гектар алқапқа орналасқан жоңышқалықтың иесі – Айтмахан Пернебаев. «Бұл кешегі кеңшар түсында картоп егілген жер. Жер құнарлы болғандықтан, картоп мол жиналатын. Ол кезде мен совхозда механизатор болып жұмыс істедім. Кейін осы жерді алып, жоңышқа өсіріп келемін. Егер де ағын су уақтылы беріліп тұрса, жоңышқа алқабынан 3 рет өнім алуға болады. Апта басында алғашқы орымды бастап, бүгін тайлап, буа бастадық. Жоңышқалықтың шығымы жақсы. Әр орымнан 1200- 1300 бау аламыз. Алдағы күндері ағын су берілсе, екінші орымнан да жақсы өнім аламын деген үміт бар», – дейді шаруа.
Қысқа күні бұрын дайындықты бастаған Айтмахан жоңышқалығын механизаторлар Ермахан Сырғабаев пен Виталий Архар тайлауда. Екі трактордың да жүрістері шапшаң. Олар алқапты бірінен- бірі қалмай, тез айналып өтуде. Олардың соңында әрбір 4-5 метр сайын тайланған шөп қалуда.
– Мен қорамда қой, сиыр ұстаймын. Алдымен өзіме қажетті шөп қорын жинап аламын. Содан соң артылғанын өткеремін. Қазірдің өзінде алқапқа келіп, жоңышқаны сатып алып жатқандар бар, – дейді Айтмахан Тәжібайұлы.
Жоңышқаның алғашқы орымы Қостөбе ауылында ғана емес, басқа да ауылдық округтерде басталып кеткен.
Диас МАРАТҰЛЫ.
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Қан қысымының көтерілуі неден пайда болады?
- 26 қараша, 2024
Дәрі тапшылығының алдын алу маңызды
- 26 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді