«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Таразда облыстық батагөйлер байқауы өтті

Таразда облыстық батагөйлер байқауы өтті
ашық дереккөз
Таразда облыстық батагөйлер байқауы өтті
Жамбыл облыс әкімдігінің қолдауымен,  облыстық ардагер кеңесі және билер кеңесінің ұйымдастыруымен «Батаменен ел көгерер» атты облыстық батагөйлер байқауы өтті. Шарының ашылуында сөз алған облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев пен облыстық  ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев бата берудің терең тағылымына тоқталып, үміткерлерге сәттілік тіледі. Тағылымы мол байқауға Тараз қаласы және барлық аудандардан жүзден жүйрік шыққан 11 үміткер қатысып, өзінің айтып жүрген батасы, ел есіндегі белгілі тұлғалардың батасы және салт-дәстүрге қатысты бата түрлері бойынша сынға түсті. Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазастан журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов төрағалық еткен құрамында Ақпарат саласының үздігі Алпамыс Қазыбаев, медицина ғылымдарының докторы, қаламгер Сағындық Ордабеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқарбек Сейілхан, облыстық «Руханият және тарихтану» орталығының директоры Сауран Қалиев бар қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалады. Алғашқы өз батасын беру кезеңі бойынша барлық үміткерлер жақсы өнер көрсетсе, екінші кезеңде Төле би, Бөлтірік шешен,  Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұханов, Бауыржан Момышұлы берген баталар бойынша аталардың шеберлігі сыналды. Игі шараны облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев қорытындылап, облыс әкімінің ақсақалдарды  құттықтау хатын оқып берді. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені жуалылық Сейітқазы Медетбеков (400 мың теңге) жеңіп алып, « Ең үздік батагөй -2023» лентасын тақты. Ал, бірінші жүлде шулық Жайлаубек Қалиевке бұйырды. Тараздық Исан Тілегенов екінші орынға, Жамбыл ауданының қариясы Орынбай Рысбаевты үшінші орынға лайық табылды. Т.Рысқұлов ауданынан қатысқан 88 жастағы ақсақал Тұрсынбай Елубаевқа арнайы жүлдемен марапатталды. Байқаудың республикалық кезеңінде облысымыздың намысын Сейітқазы Медетбеков қорғайтын болады. Шара барысында Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова, Ғани Мәтебаев, Мадина Сағынбекова және «Асыл аналар», «Әулиеата» ансамблдері әннен шашу шашты.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар