«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қылқалам шеберінің шығармашылығы

Қылқалам шеберінің шығармашылығы
ашық дереккөз
Қылқалам шеберінің шығармашылығы
Бейнелеу өнері дегеніміз — дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнері сан ғасырлық даму тарихына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Олар: живопись, графика, мүсін, сәулет өнері және сәндік- қолданбалы өнер. Осы өнерді кеңінен насихаттау мақсатында Т.Рысқұлов аудандық мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде жергілікті қылқалам шебері, «Қазақ өнерінің қайраткері» медалінің иегері, Халықаралық декоративтік өнер шеберлерінің мүшесі Мақсат Қаңтарбаевтың «Сурет өнерінің ерекшелігі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстел отырысына аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Бейсебек Ақанаев, Қазақстан Республикасы Көркемсурет академиясының қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті, Қазақстан Республикасы өнер академиясының академигі Марлан Нысанбаев, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақ өнерінің қайраткері, Қазақстанның арт-блогері, Францияның Мондиаль өнер академиясының елшісі Лидия Дроздова және тағы басқа қонақтар қатысты. Дөңгелек үстел отырысында М.Қаңтарбаевтың жеткен жетістіктері мен көрмелері туралы айтылып, аудандық музейде арнайы экскурсия жұмыстары жүргізілді.  

«Aq jol»-Aqparat.

Ұқсас жаңалықтар