- Advertisement -

Профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

146

- Advertisement -

Өрттің және олардан адам өлімінің алдын алу, тұрғындарды тіршілік қауіпсіздігі негіздеріне оқыту мақсатында Тараз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері күн сайын тұрғын үй секторында өрт-алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Негізгі мақсат – әр үй иесіне өрттің басты себебі адамның абайсыздығы екенін еске салып, жеткізу. Бұл жолы қалалық төтенше жағдайлар мамандары «Химпоселок» шағынауданындағы жеке тұрғын үй иелерімен профилактикалық әңгімелесу өткізді.

Жыл басынан бері қала аумағында 79 өрт тіркеліп, салдарынан 2 адам қаза болып, 2 адам дене күйігі жарақатын алған. Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері үй иелерінің өрт қауіпсіздігінің жай-күйін тексеріп, азаматтарға автономды өрт хабарлағышы сияқты құрылғының маңыздылығын еске салды. Құтқарушылар күнделікті өмірде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы айтып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін тағы да еске салатын жадынамалар мен ұсынымдар табыс етті.

Төтенше жағдайлар басқармасы тағы да еске салады: электр сымдарының жарамдылығын қадағалаңыз, электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз және желіге қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз. Жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз. Өрт болған жағдайда «101» немесе «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

 

Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support