Әскерилер – өрт-құтқару жарысында

Әскерилер – өрт-құтқару жарысында
ашық дереккөз
Әскерилер – өрт-құтқару жарысында
Жақында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Тараз гарнизонының 63563 әскери бөлімінің базасында Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің штаттық өрт сөндіру командалары арасында өрт-құтқару спорты бойынша жарыс өтті. Аталған іс-шараға қонақ ретінде облыстың өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мансур Шайкрамов қатысты. Жарысқа «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» және «Астана» өңірлік қолбасшылықтарының бес командасы, сондай-ақ Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқаруындағы 68665 әскери бөлім қатысты. Әр команданың құрамында төрт әскери қызметші: бір жүргізуші және үш өрт сөндіруші болды. Жарыс соңында азаматтық қорғау полковнигі Мансур Закирұлы қатысушыларға кәсіби шеберліктері, сондай-ақ аталған спорт түрін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, командаларға облыстың төтенше жағдайлар департаментінің атынан Алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, Мансур Шайкрамов әскерилерді биыл 17-22 шілде аралығында Тараз қаласында өтетін ерлер арасындағы өрттен құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының XXIX жазғы чемпионатына және әйелдер арасындағы өрттен құтқару спорты бойынша Қазақстанның IX жазғы чемпионатын тамашалауға шақырды.  

Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Ұқсас жаңалықтар