Саулық – байлық негізі
«Дені саудың – тәні сау» деп бекерден-бекер айтылмаған. Дені сау ұлттың болашағы баянды, денсаулығы мықты болады. Бұл өз кезегінде ұрпақтың келешегіне де үлкен әсерін тигізеді. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елдегі денсаулық сақтау саласына айрықша тоқталған болатын. Ел Президенті денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілгенімен, әлі де кешенді жұмыстар қажет екенін, жылдар бойы қордаланған түйткілдер кезең-кезеңімен шешілетінін айтып өтті. Әрине, тұрғындардың денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру ортақ міндет болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірімізде қолға алынған. «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында статистика басқармасының соңғы деректеріне сәйкес, ауданда 87 634 адамға 35 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетуде. Ауданда 1 аудандық аурухана,1 аудандық емхана, 1 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы,14 дәрігерлік амбулатория, 15 медициналық пункт, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт тұрғындар игілігіне жарап тұр.
Жыл өткен с айын денс аулық с ақт ау нысандарының саны да артып келеді. Өткен жылдың соңында Қаракемер дәрігерлік амбулаториясының жаңа ғимараты қолданысқа берілсе, Қызылқайнар, Айша бибі дәрігерлік амбулатория пункттері күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті.
Биыл Өрнек ауылдық амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ, Аса ауылында орналасқан аудандық орталық ауруханасынан бөлек орналасқан жұқпалы аурулар бөлімінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жобалық- сметалық құжаттамалары толықтай дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысының шешімін алу мақсатында жұмыстар атқарылуда.
Алдағы жоспарларымызға тоқтала кетер болсақ, Шайқорық ауылында 2022 жылы дәрігерлік амбулаториясының құрылысы басталып, жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарлануда.
Аудан орталығынан шалғай орналасқан Жаңаөткел ауылында медициналық пункт ғимаратының құрылысы басталып, биыл ел игілігіне беру көзделуде. 2024 жылы Тоғызтарау, Қостөбе, Қаратау, 2025 жылы Құмтиын, Шоқай, Бәйтерек, 2026 жылы Қоңыртөбе және Қапал ауылдарында медициналық пункт ғимараттарының құрылысын бастау жоспарымызға енгізіліп отыр. Жоғарыда аталған 2024-2026 жылдардағы медициналық пункттер ғимараттарының құрылыстарына қажетті құжаттар толықтай дайындалып, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.
Аудандық орталық ауруханада жас мамандарды қолдау жұмыстары да жүйелі жолға қойылған. Жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында соңғы үш жылда жергілікті бюджет есебінен 16 маманға 800 мың теңге көтерме ақы, 1500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде республикалық бюджеттен жеңілдетілген несие, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы беру және коммуналдық қызметтерге арналған шығындарды өтеуге көмек берілуде. Мамандарды ауыл-аймаққа тарту жұмыстары өз жалғасын табуда.
Басқарма тарапынан берілген медициналық- жылжымалы кешен бүгінде ауыл-аймақ тұрғындарына көп пайдасын тигізуде. Биыл барлығы 24 елді мекенді қамту жоспарланса, өткен жылы 26 ауылға кешен арнайы барып, жұртшылықтың денсаулық жайын тексерді.
Ана мен бала денсаулығы ұдайы бақылауымызда. Ананың босанғанға дейінгі жағдайы, нәрестенің денсаулығы арнайы бекітілген дәрігерлердің апта сайынғы тексерісінен өтеді. Нәтижесінде 2022- 2023 жылдары аудан бойынша халықтың табиғи өсімі 1000 тұрғынға шаққанда 4,2, туу көрсеткіші 6,7 пайызды құраса, бүгінгі күнге дейін ана мен бала өлімінің бірде-бір жағдайы тіркелмеді. Бұл – қуанарлық жағдай.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «ДамуMed» медициналық ақпараттық жүйесі енгізілді. 2021 жылдың қыркүйек айында облыста 3 үздік тәжірибе орталығының бірі ашылды. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Айша бибі дәрігерлік амбулаториясынан үздік тәжірибе орталығы филиалының ашылуы жоспарлануда.
Денсаулық – қателікті кешірмейтін сала. Адам баласының Алладан кейінгі үміті ақ халаттылар екені белгілі. Біз әрбір медицина қызметкерлерімен бірге өткізген кеңесте осы қағиданы жиі еске салып, жұмысқа аса жауапкершілікпен қарауды міндеттеп келеміз. Әрбір тұрғынның дәрігерге артқан сенімі мен айтқан алғысы медицина саласы қызметкерлеріне демеу бола бермек. Біз әрқашан науқас жан аяқтан тік тұрғанға дейін бар күш-жігерімізді, біліктілігімізді сала беретін боламыз.
Сейдахмет ШЫНЫБЕКОВ,
аудандық аурухананың бас дәрігері.
Жамбыл ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді