Қан тапсыру – өзгеге өмір сыйлау
Ата Заңымыздың алғашқы бабтарының бірінде көрсетілгендей, мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі. Бұл тұрғыда Жамбыл облыстық қан орталығы өзіне жүктелген функционалдық міндеттеріне сәйкес халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді. Біздің басты миссиямыз – мұқтаж жандар үшін ауадай қажет қан және оның компоненттердің қорын жасап, донорлық қозғалысты дамыту. Қиналғандарға қол ұшын созу, жабырқағандарға жәрдем беру – біздің ізгі амалдарымыздың бірі. Осы сияқты құнды қасиеттердің бәрі біз бен сіздің ниет-пейіліміз. «Донор» сөзі латын тілінен аударылғанда тарту, сыйлау деген мағынаны білдіреді. Донорлық іс – көмек көрсету мен адам өмірін сақтап қалудың символы. Әлем бойынша донорларға құрмет пен сый көрсету үшін Дүниежүзілік денсаулық ұйымының шешімі бойынша 2005 жылдан бастап 14 маусым – «Дүниежүзілік донорлар күні» болып бекітілді. Осы күн австриялық дәрігер- иммунолог, адам баласындағы қан тобын ашқан, Нобельдік сыйлықтың лауреаты Карл Ландштейнердің өмірге келген күніне арнайы белгіленген. Оның ашқан жаңалығы медицина саласына қуатты серпіліс беріп, миллиондаған пациенттерге өмірлерін сақтап, ұзартуға мүмкіндік берді.
Әр жыл сайын әлемде миллиондаған адам қан құюға мұқтаж. Әлемдік көрсеткіштерге көз жүгіртетін болсақ, бұл іске өз өмір сүру кезеңінде әрбір үшінші адам ауруынан арылу үшін қанның құрамдас бөлімдерін қолданады екен. Қан күйікке шалдыққандарға, түрлі жарақаттар алғандарға керек. Күрделі операцияларды өткізу кезінде, ауыр босануларда қан құйылады. Ал, гемофилия және қан аздықтың ауруына шалдыққандарға – өмірін сақтап тұру үшін тек қана қан керек. Сонымен бірге, химиотерапия кезінде онкологиялық ауруларға қажет. Соңғы кезде елімізде кең таралған – жүрекке жасау операциялары қанның құрамдас бөлімдері қолданылмаса жүргізілмейді.
Баса айту керек, донорлық қан дәріханаларда сатылмайды, шет мемлекеттерден әкелінбейді, ол тек қана арнаулы мекеме – қан орталықтарында өз еріктерімен келген жандардан – донорлардан дайындалады.
Ғалымдардың жүргізген зерттеулері негізінде қан тапсыру адам денсаулығына зиянсыз екені дәлелденген. Қан донорлығы ағзаға қолайлы әсерін тигізеді. Қан тапсыру холестерин деңгейін төмендетеді. Олардың зерттеулері қан тапсыратын адамдарда тапсырмайтындарға қарағанда инфаркт, ишемиялық аурулармен он есе сирек ауыратынын анықтаған. Қан тапсыру барлық қорландыру, ас қорытудың бұзылуын, ұйқы безі қызметінің, бауыр, негізгі алмастыру ауруларының, сонымен қатар иммунды жүйе ауруларын алдын ала емдеуге пайдалы.
Облысымыздағы қан қызметі денсаулық сақтау саласындағы маңызды құрамдас бөлімі болып саналады. Оның негізгі мақсаты бейбіт заманда және төтенше жағдайлар кезінде науқастарды қанның құрамдас бөлімдермен толық қамтамасыз етіп, оларды қолданған кезде сапасы мен қауіпсіздігіне толықтай жауап береді. Ол жалпы мемлекеттік стратегиялық сипатқа ие, себебі елдің ұлттық қауіпсіздігі мәселелерін қозғайды.
Баса айта кететін жағдай – бізде, облыс бойынша донорлық қан дайындау орталықтандырылған. Донорларды қабылдау, қан компоненттерін дайындау, оларды толықтай жан-жақты тексеру, тек бір мекемеде – қан орталығында жүргізіледі.
Қан орталығына донор болам деп келгендердің денсаулығы толықтай тексерілгеннен соң ғана олар қан тапсыру процесіне жіберіледі. Біздегі қан тапсыру кезіндегі барлық материалдар тек бір рет қана қолданатындар. Әрбір қолданылған заттар қолданыста болғаннан соң, толықтай жойылуға жіберіледі.
Өткен жылдан бастап республика бойынша ерікті ақысыз донорлардан қан дайындау 97 пайыз болса, облыстық қан орталығында 100 пайызға қол жеткіздік. Бұл өте үлкен жетістік...
Облыстық қан орталығына жылына 14 мыңнан аса донор қанын тапсырып, алынған қандардан 11 мыңнан аса қанның бөлімдері дайындалынады. Оның барлығы ауруханаларда жатқан науқастарға пайдалануға жіберіліп, олардың өмірлерін сақтап қалуға септігімізді тигіземіз.
Қан – бір адамның басқа адамға бере алатын ештеңеге тең келмейтін құндылық. Бұл – өмір сыйлау. Әр адамның қан тапсыру шешімі бір немесе бірнеше жанның өмірін сақтап қалу болып табылады. Өзгенің өмірі ешкімді селқос қалдырмау керек, өйткені бұл өмірде әрқайсымыз қанның құрамдас бөліміне мұқтаж болып қалуымыз мүмкін.
Донор болу – сауабы тиер іс, өзгеге үлгі болар істі қала мен аудандардағы барлық мекемелері, ұйымдар, оқу орындары үлгі тұтып өздері де іске асырса деген тілегімізді білдіре отырып сіздерді, құрметті оқырмандар, 14 маусым күні таңертеңнен бастап қала әкімшілігімен бірлесе өткізілетін «МАRT» сауда орталығында өткізілетін «Донор күніне» арналған мерекеге шақырамыз.
Бақберді КЕЗЕМБАЕВ,
ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді