Шерхан Мұртазаның «Ауылды, сені сағынам...»
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Шерхан Мұртазаның «Ауылды, сені сағынам…» атты жарияланбаған хаттары бойынша әзірленген брайль кітаптарының тұсау кесер рәсімін ұйымдастырып, зағиптар мектебі мен Ш. Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығына табыстады.
Ондағы мақсат белгілі кеңес және қазақ жазушысы, қоғамдық-саяси қайраткер, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, журналист-аудармашы Шерхан Мұртазаның өмір жолы мен шығармашылығымен етене таныстыру.
Зағип азаматтардың, оқушылырдың ой-өрісін дамыту, қазақ әдебиетіне, ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттырып, мектеп кітапханасын арнайы кітаптармен толықтыру болып табылады.
Кітаптың тұсауын №2 «Болашақ» мектеп-интернатының директоры Эльмира Сауқымбекқызы, Талапты ауылдық кітапханасының ардагері Сара Медельханова кесті. Ал, Ш. Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының бөлім меңгерушісі Қожамарова Назым, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директеоры Алшинбаева Жанна Тұрарқызы мен кітапханашы Бегимов Ербол Аққайұлы кітап турасында сөз алды.
Іс шара барысында «Инклюзия және театр» жобасына қатысушы оқушылар жазушының «Интернат наны» шығармасынан үзінді сахналаса, кітапхана қызметкерлері мен Жамбыл политехникалық жоғарғы колледж білімгерлері қаламгердің туындыларын мәңерлеп орындады.
Сонымен қатар, «Болашақ» арнайы мектеп интернатының тәрбиеленушілері Жамбыл облысы Жуалы ауданында орналасқан әдеби-мемориалдық музей-үйін тактильді аралап, жазушының пайдаланған бұйымдарымен танысты.
Тұсау кесер рәсімінің өтуіне ықпал етіп, қолдау көрсеткен Ш. Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығына кітапхана әкімшілігі алғыс білдіреді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді