
Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді
Қазақстанда 172 мың түлек мектеп бітіреді, оның ішінде 6,8 мың оқушы - «Алтын белгіге» үміткер, деп хабарлайды Aq jol. kz.
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысы барысында айтты.
«Биыл Қазақстан мектептерінде 3,7 млн астам оқушы оқу жылын аяқтайды. 11-сыныпты – 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде 6,8 мың түлек «Алтын белгіге» үміткер», деді министр Үкімет отырысында.
Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында өткізу жоспарланған.
Аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 20-22 маусым аралығында өтеді.
Сондай-ақ қорытынды емтихандар 9-сыныптарда 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5-19 маусым аралығында өтеді.Ұқсас жаңалықтар
Жағдайың қалай, Ұлттық Су университеті?
- 17 сәуір, 2025
Ағаштарды «ауруынан» жазған жас ғалым
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді