Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен 2014 жылдың 4 қарашасында «Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы» бекітілгені аян. Осы тұжырымдаманың қолданысқа енуіне ықпалды мәдени ошақтардың бірі – кітапхана. Мәдениет саясатының тұжырымдамасымен танысу, ондағы көтерілген өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасу мақсатында Облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапхананың қызметкерлері дөңгелек үстел басына жиналды. Маңызды құжат бөлімдерінде көрсетілген тапсырмалардың өзекті екендігіне ерекше тоқталып, осылар бойынша кітапханада біраз жұмыстардың атқарылып жатқандығы да сөз болды. Мәселен, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың негізгі зияткерлік ресурсы болып табылатын электронды кітапхана құруға біздің де атсалысып жатқанымыз анық. Кітапханада «Құнын жоймаған құнды кітаптар» жобасы дайындалып, құнды кітаптарды сандықтау жұмысы жасалып жатыр. Сонымен бірге, жергілікті ақын-жазушылармен келісім-шарт негізінде кітаптарын сандықтап, электрондық нұсқасы әзірленді. Қашықтықтан пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында сайтқа салынып, оқырмандар таныса алады. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында кітапхана қорына жаңа әдебиеттер келіп, оның қоры құнды кітаптармен толықты. Мемлекеттік мәдени саясат қоғамды рухани, мәдени, ұлттық біріктіруге және адамгершілігі мол, өзіндік ойы бар шығармашыл, жауапты тұлғалардың қалыптасуына да жол ашады. Осы атқарылып жатқан жұмыстардың бәрі дөңгелек үстел барысында кеңінен айтылды
Гүлнұр Алтынбекова, Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапхананың әдіскері.
Ұқсас жаңалықтар
Шын таланттардың бағы жанды
- 20 мамыр, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді