Ұлттық тәрбие ұлағаты
«Бақытты болашақ» оқушылар сарайында «Ұлттық идеологияның қайнар көздері» атты көшпелі дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел деген аты ғана болмаса ауқымы жағынан форум деңгейінде ұйымдастырылды. Ұрпақ тәрбиесіне мән берген маңызды іс-шара халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналы, республикалық әлеуметтік-қоғамдық «Елана» ақпараттық агенттігі саяси партиялармен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен «Ауыл – ел бесігі» атты дәстүрлі экспедициясы аясында қолға алынып отыр. Форум басталмас бұрын осы жобаның жетекшісі, халықаралық «Qazaqstan dauiri» ЖШС Бас директоры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сәуле Мешітбайқызын Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қабылдады.
Қала басшысы С.Мешітбайқызына облыс орталығының бүгінгі ахуалымен, ел-жұрттың тыныс-тіршілігімен таныстырып, қаланың проблемаларына, инвестиция тарту ісіне де тоқталды.
Сәуле Мешітбайқызы бұл жолғы сапарының мақсаты – аймақтардың тыныс- тіршілігін көзбен көріп, тұрғындарының талап-тілегін тыңдап қана қоймай, елдің назарын бала тәрбиесіне де бұру, ұлттық идеологияны жүйелеу екенін айтты.
– Өзіңіз білесіз қазір мына ақпараттық технология деген үлкен мәселеге айналып келеді. Пайдасынан зияны басым болып бара жатқан сияқты. Жастардың азаннан қара кешке дейін телефон құшақтап жататынының денсаулыққа, көзге зиян екені бір бөлек, ондағы тәрбиелік мәні жұрдай, азғындаған, мейірім-шуақтан жұрдай контентерінің зардабы одан екі есе. Одан қалса сол ғаламтордағы әлеуметтік желідегі болып жатқан өмір жағаңды ұстатады, – деді С.Мешітбайқызы.
Жалпы кездесу барысында ұлттық құндылықтар, мәдениет, тіл төңірегінде кеңінен әңгіме өрбіп, қала басшылығы мен газеттің рухани байланысы, әріптестік жобалары жайы да талқыланды.
Форумда Ш. Мұртаза атындағы «Баспасөз үйі» КММ директорының орынбасары, облыстық қоғамдық ата- аналар кеңесінің төрағасы Ринат Нұрақбаев модераторлық етіп, «Тәрбиенің қайнар көзі – ұлттық тәрбие» туралы әңгіме өрбітсе, қала әкімінің орынбасары Д.Дәулетов бүгінгі буынның тәрбие сі, оларды ұлттық идеологиямызға жат дүниелерден алшақ ұстап, дұрыс бағытта тәрбиелеу мемлекеттің ғана емес, барша қоғамның міндеті екеніне тоқталды.
Одан кейін сөз алған Сәуле Мешітбайқызы қазіргі заман талабы, тіл мәселесі, ұлттық құндылықтар туралы орамды ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ, басқосуда Тараз қалалық аналар алқасының төрайымы Жанат Сарыбекова «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» атты баяндамасында ұлттық психология, отбасы құндылықтары төңірегінде төгілтіп тұрып сөйледі.
Бұдан бөлек жиында, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырза- Ғали, Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов және тағы да басқа азаматтар сөз сөйлеп, көтеріліп отырған мәселенің ұлт үшін өте өзекті екенін, мұндай бастама осымен тоқтап қалмау керектігін айтып өтті.
Диас МАРАТҰЛЫ,
журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді