БАӘ компаниясы Таразда кәріз-тазарту құрылысын салуды жоспарлауда

БАӘ компаниясы Таразда кәріз-тазарту құрылысын салуды жоспарлауда
ашық дереккөз
БАӘ компаниясы Таразда кәріз-тазарту құрылысын салуды жоспарлауда
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Abu Dhabi Sewerage Services Company» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Тараз қаласындағы кәріздік-тазарту құрылыстарын салу жобасы талқыланды. Аймақ басшысы кәріз инфрақұрылымының ағымдағы жай-күйімен таныстырып,  бұл бағыттағы мәселелерді кешенді түрде шешуге әлеуетті инвесторлардың қатысу маңыздылығын атап өтті. – Тараз қаласындағы кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 300 шақырымға жуықтайды. Қазір облыс орталығында ғана емес, облыстың үш аудан орталығында да осындай кәріз-тазарту құрылысын салу жобаларын жүзеге асыру тетіктері қарастырылуда, – деді Нұржан Нұржігітов. Компанияның бас директоры Ахмед Сүлейман Халфан Салем Аль-Шамси жобаның еуропалық талаптар мен стандарттарға сай жүзеге асырылатынын жеткізді. Аймақ басшысы мемлекеттік бағдарламалар аясында жергілікті атқарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін баса айтты.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар