Экономика
БАӘ компаниясы Таразда кәріз-тазарту құрылысын салуды жоспарлауда
- author «Ақ жол»
- 16 мамыр, 2023
- 639
БАӘ компаниясы Таразда кәріз-тазарту құрылысын салуды жоспарлауда
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Abu Dhabi Sewerage Services Company» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Тараз қаласындағы кәріздік-тазарту құрылыстарын салу жобасы талқыланды.
Аймақ басшысы кәріз инфрақұрылымының ағымдағы жай-күйімен таныстырып, бұл бағыттағы мәселелерді кешенді түрде шешуге әлеуетті инвесторлардың қатысу маңыздылығын атап өтті.
– Тараз қаласындағы кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 300 шақырымға жуықтайды. Қазір облыс орталығында ғана емес, облыстың үш аудан орталығында да осындай кәріз-тазарту құрылысын салу жобаларын жүзеге асыру тетіктері қарастырылуда, – деді Нұржан Нұржігітов.
Компанияның бас директоры Ахмед Сүлейман Халфан Салем Аль-Шамси жобаның еуропалық талаптар мен стандарттарға сай жүзеге асырылатынын жеткізді.
Аймақ басшысы мемлекеттік бағдарламалар аясында жергілікті атқарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін баса айтты.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




