
Отбасы – аялы алақан мекені
Тараз қаласында Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай «Отбасы – аялы алақан мекені» атты шара өтті. Облыс орталығындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақ аумағында «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы» атты спорттық, «Отбасы – бақыт мекені» атты сурет, жас отбасыларға арналған «Qaz IQ» интеллектуалды ойындары ұйымдастырылып, қатысушылар өзара командалық сайыста бір-біріне деген сүйіспеншілік пен құрметін көрсетті. Ал, «Отбасы ағашы» республикалық акция аясында 75 түп ясень ағашы отырғызылды.
Шараға облыста құрметке бөленген ардақты да берекелі әулеттер, өнегесі мол отбасылар қатысты.
Олардың қатарында отбасылық жалпы тәжірибесі 200 жылдан асатын дәрігерлер династиясы Умаровтар отбасы, Алтынбавтар отбасы, дүниеге 7 қыз әкеліп, 26 немере 6 шөбере сүйіп отырған бақытты жанұя Мақашевтар отбасы, азаматтық қорғау органы династиясы Ақсақаловтар отбасы, үш буынды ұстаздар жанұясы Аришевтар отбасы және өзінің 7 ұл-қызынан бөлек, қамқорлығына 7 ұл, 5 қызды алып, тәрбиелеп өсірген Ержановтар отбасысы бар.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Таразда республикалық кітап фестивалі өтті
- 16 сәуір, 2025
Таразда бір ай мерзімге ыстық су өшіріледі
- 10 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді