«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Облыс әкімі Шу ауданындағы бірқатар нысандарды аралады

Облыс әкімі Шу ауданындағы бірқатар нысандарды аралады
ашық дереккөз
Облыс әкімі Шу ауданындағы бірқатар нысандарды аралады
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Шу ауданына жұмыс сапары барысында, бірқатар нысандармен танысты. Аймақ басшысы Көкқайнар ауылының ауыз су шығару нысаны мен су құбырлары жүйелерінің құрылысымен танысты. Өткен жылы басталған жұмыстар алдағы бір-екі айда аяқталмақ. Жалпы, аудандағы ауыз су тартылмаған 9 ауыл алдағы екі жылда толығымен тіршілік нәрімен қамтылады деп көзделуде. Келесі кезекте облыс әкімі «Тасөткел» су қоймасының сейсмотұрақтылығын нығайту мақсатындағы қайта жаңғырту жұмыстарын көрді.  Құрылысы кестеден кешігіп келе жатқан жобаның ауқымдылығы мен маңыздылығын атап өткен Нұржан Нұржігітов құрылысты осы жылдың соңына дейін, күн суытпай аяқтауды тапсырды. Аймақ басшысы келісімшартқа отырмаған шаруалар да жолай арнайы  су сорғыларын көптеп орналастырғанын, соның салдарынан судың шығыны да ұлғайып отырғанына назар аудартты. Осыған байланысты, жауаптыларға арнайы кесте бекітіп, суды үнемдеп пайдалануды тапсырды.  Атап өтерлігі, су қоймасындағы сейсмотұрақтылығын нығайту жұмыстары толық аяқталғанда аудан шаруалары ағын су тапшылығын көрмейді деген сенім мол.   Меркі-Бурылбайтал республикалық маңызы бар тас жолының Шу өзені арқылы өтетін Аңдасбай көпірі Д.Қонаев, Бірлік, Жаңақоғам, Далақайнар және Шоқпар елді мекендерін аудан орталығы Төле би ауылымен жалғап тұр. Аталған көпір құрылысының барысымен танысқан облыс әкімі бұл жұмыстар аудан басшылығының тұрақты бақылауында болуы қажеттігін айтып, тұрғындардың өтініші бойынша көпір маңынан уақытша өткел салуды тапсырды.  Ал, дәл осы күре жолдың бойындағы Тельман каналы арқылы өтетін көпірдің құрылыс жұмыстары 1 маусымда аяқталады деп күтілуде. Облыс әкімі жауаптыларға бұл жұмыстарды сапалы орындауды жүктеді. Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов жақында ғана күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген Шу қалалық емханасының, қалалық және аудандық орталық аурухананың жай-күйімен танысты. Шу қалалық ауруханасы ғимараты бүгінде күрделі жөндеуді қажет етеді. Ол үшін жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалған. Аймақ басшысы күрделі жөндеуден және кеңейтуден өткеннен кейін нысанды ауданаралық аурухана болып жасақталатынын атап өтіп, қажетті материалдық-техникалық жабдықтауға барынша көңіл бөлу, мамандарды оқыту қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, ең бастысы халыққа сапалы қызмет ұсынудын маңыздылығын атап өтіп, бас дәрігерлерге нақты міндеттер жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас жаңалықтар