Мәдениет
«Балалардан балаларға» жобасы аясында қос кітаптың тұсау кесері өтті
- author «Ақ жол»
- 11 мамыр, 2023
- 598

«Балалардан балаларға» жобасы аясында қос кітаптың тұсау кесері өтті
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен №2 «Болашақ» арнайы мектеп –интернатында «Балалардан балаларға» жобасы аясында дыбыстанған екі кітаптың тұсаукесері өтті. Соның ішінде №10 мектеп оқушылары Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай шығармаларын оқыды. Ал, «Анаға тағзым» орталығының басшысы Эльмира Мырза-Ғалидың бастамасымен Б. Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназия оқушылары танымал ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, аудиотаспалады.
Тұсау кесер барысында «Инклюзия және театр» жобаның аясында Ш. Мұртазаның «Интернат наны» шығармасынан үзінді сахналанды.
Сондай-ақ, №2 «Болашақ» арнайы мектеп –интернатының оқушылары музыкалық номерлер ұсынды.
Ұқсас жаңалықтар
Дүбірі бөлек жыр дода
- 29 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді