Тараздықтар Жеңіс күнін Жеңіс саябағында атап өтті
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығын тараздықтар Жеңіс саябағында атап өтті. Саябақтың төріндегі Батыр Бауыржан Момышұлының ескерткішіне облыс әкімі Нұржан Нұржігітов пен Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бастаған жамбылдықтар гүл қойып, бабалар рухына тағзым етті. Жеңіс мерекесімен бір-бірін құттықтаған жұртшылық Даңқ залына экскурсия жасады. Ондағы майдангерлердің қолданған бұйымдары, киімдері және соғыстағы көріністердің суреттері мен тыл еңбеккерлері, соғыстан баласын зарыға күткен аналар бейнеленген картиналарды көре жүріп, экскурсоводтар әңгімелеген деректер тыңдалды.
Екінші қабаттағы «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығында Батыр жайлы құнды жәдігерлер де таныстырылды. Тарихи деректер жинақталған «Жамбылдық әскери құрамалар» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді.
Жеңіс мерекесіне арналған іс-шара Жеңіс саябағында әулиеаталық өнерпаздар мен Оңтүстік әскери қолбасшылық оркестрінің концертімен жалғасты.
Қамар Қарасаева
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




