«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бауыржан Момышұлының музейінде мерекелік іс-шара өткізді

Бауыржан Момышұлының музейінде мерекелік іс-шара өткізді
ашық дереккөз
Бауыржан Момышұлының музейінде мерекелік іс-шара өткізді
Жамбыл облысының ҚАЖ қызметкерлері 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының музейінде мерекелік іс-шара өткізді. Батырдың бюстіне гүл шоқтарын қоюдан бастау алған айтулы шараға өңірлік ҚАЖ департаменті мен оған бағынысты мекемелердің басшы және жеке құрам қызметкерлері қатысты. Салтанатты шарада сөз алған департамент бастығы Нияз Рыспаев жиналғандарды Отан қорғаушылар және Жеңіс күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. – Ер – елінің қорғаны. Тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды әскері Отан қорғау қызметінде өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып келеді. Азаматтарымыз шекара шебін қас қақпай күзетіп, ұлттық қауіпсіздігіміз бен ішкі тұрақтылығымыздың сенімді кепілі болып отыр. Біз осындай жандардың ерлігіне сый-құрмет көрсете отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және еңбекте жеміс пен толағай табыстар тілейміз. Ел іргесі бүтін, жұртымыз тыныш болғай, – деді департамент бастығы. Бұдан кейін сөз алған Б.Момышұлының немере інісі ардагер, журналист Бекет Момынқұл қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қылмысты азайтуда ҚАЖ қызметкерлерінің үлес салмағы басым екенін атап өтті. Ал қылмыстық-атқару жүйесінің ардагері Руслан Мамутов ізбасарларына сәттілік тілеп, қиыныдығы мол қызметтерін мүлтіксіз атқаруларына ағалық ақылын айтты. Сондай-ақ шара барысында департамент бастығы Н.Рыспаев сала ардагерлеріне өткен ғасырдың 40-шы жылдары күллі әлем елдеріне миллиондаған тиражбен тараған Александр Бектің “Волоколамск тас жолы” кітабын табыс етті. Айта кетейік, бұл күні ҚАЖ саласында қызмет етуге ниетті болашақ офицерлер салтанатты түрде ант қабылдады. Болашақта олар өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты түзеу мекемелерінде қызмет етеді.  

Ұқсас жаңалықтар