Ардагерлерге айрықша құрмет
Ел басына күн туған, ат ауыздығымен су ішкен шақта майдан шебінде ел қорғаған ерлерге жас ұрпақтың құрметі толастамайды. Облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залында «Соғыстың 78-ші көктемі» атты майдангерлермен кездесу өтті.
Іс-шараны облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасы басшысының орынбасары Сара Мәдиева ашып, сұрапыл жылдар әкелген қасіретке тоқталды. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Дәулетбай Шәріп те ардагерлерге амандық тіледі. Майданнан жамбылдық 52 мың жауынгер аман оралса, бүгінгі таңда облыста 17 ғана соғыс ардагері қалған. Оның 11-і Тараз қаласында, қалғаны аудандарда тұрады. Мерекелік кеште Ұлы Отан соғысының ардагерлері Мүтәліп Ережепбайұлы мен Аманқұл Ықсанов сөз сөйлеп, майдандағы жанқиярлық сәттерді еске алып, бүгінгі жас ұрпаққа бейбіт күн тіледі.
Мұнан соң «Бауыржантану» ғылыми орталығының ғылыми-зерттеу қызметкері Темірбай Мұқашев, «Даңқ» залының ғылыми қызметкері Құрманғазы Демеш майдангерлердің ерлігін құрмет тұту бүгінгі жас буынға парыз екеніне, өздері де бұл тұрғыда ізденіс жасап жүргендеріне тоқталды.
Жиналған жастар майдангер аталарына сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Іс-шарада «Әулиеата» ансамблінің орындауында «Атамекен», «Катюша» патриоттық әндері шырқалды. Кездесуді Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Күләш Әбдікешова қорытындылап, соғыс ардагерлері мен майдангерлер отбасында, тыл ардагерлеріне құрмет жоғары бола беруі керектігіне тоқталды.
Жиын соңында майдангерлер мен іс-шараға қатысушылар «Әулиеата» ансамблінің сүйемелдеуімен «День победы» әнін шырқады.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді