Облыс әкімі отан қорғаушыларды мерекемен құттықтады
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Таразда салтанатты жиын өтті. «Баласағұн» орталық концерт залында өткен шараға көпшілікпен бірге Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов пен «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев қатысып, мерекемен құттықтады.
Аймақ басшысы өз сөзінде Отан қорғаушылар күні – ел әскерінің қуаты мен айбынын айғақтайтын мереке, еліміздің тыныштығын қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн екендігін атап өтті.
- Елде тыныштық болса, береке мен бірлік орнайды. Халық алаңсыз еңбек етіп, тыныш өмір сүреді. Бейбіт елдің экономикасы өркендейді. Сондықтан, кез келген мемлекет өз Қарулы Күштерінің қуатты болғанын қалайды. Бүгінде Тәуелсіздік күзетінде тұрған Қазақстанның Қарулы Күштерінің айбары артып, қуатты күшке айналды. Олардың қатарында біздің өңірдегі 26 әскери бөлімнен тұратын, 10 мыңға жуық әскери қызметкерлер де бар. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы, Ұлттық ұлан және шекара қызметтері сияқты әскери бөлімдер ел тыныштығын қамтамасыз етуде. Жаужүрек жауынгерлеріміз бен сарбаздарымыз әуеде, жерде, теңізде ел тыныштығын кірпік қақпай күзетуде. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген қаһарман Бауыржан Момышұлының рухты сөзін өмірлік ұстанымына айналдырған сарбаздар қашан да ел мақтанышы болып қала береді. Еліміздің бейбітшілігі мен жарқын болашағы үшін атқарып жатқан игі істеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін,-деді Нұржан Нұржігітов.Өз кезегінде генерал-майор Мереке Көшекбаев та өзінің ізгі лебізін жеткізді. Салтанатты жиында аймақ басшысы бірқатар әскерилерді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапаттады. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді